Жаңалықтар

11.12.2020

Қазақстанның бизнес-омбудсмені Рустам Жүрсінов мониторингтік топтардың жұмыс алгоритмі өзгергені туралы хабарлады

445

Редакция FACTUM

Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Рустам Жүрсінов өзінің Facebook-тегі аккаунтында мониторингтік топтар жұмысының жаңа алгоритмі қабылданғаны туралы хабарлады.

Атап айтқанда, ол заң бұзушылықтар туралы деректерді мониторингтік топтардан алатын және кәсіпкерлік кодекс шеңберінде толық тексеру үшін санитариялық-эпидемиологиялық қызметке (СЭС) жедел хабарлама беретін үйлестіру орталықтары құрылатынын жазды (мұндай тексеру нақты реттелген және міндетті түрде прокуратура органдарында тіркеледі).

Тексеру санэпидқадағалауға жататын эпидемиялық маңызы бар объектілер тізбесінде көзделген объектілерге ғана қатысты жүзеге асырылуы мүмкін.

СЭС прокуратураға санитарлық ережелердің дөрекі түрде бұзылғаны туралы хабарлайтын болады. Бұл жерде Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің (ӘҚБтК) 425-бабын бұзу туралы сөз болып отыр. Санитарлық талаптарды жүйелі түрде бұзатындарға ӘҚБтК-нің 462-бабының 3-бөлігі қолданылуы мүмкін, қызметін тоқтата тұру да орын алуы мүмкін. "Бірақ бұл жерде тоқтата тұру ұйғарымды орындамағаны үшін қолданылуы мүмкін екенін есте ұстаған жөн, ал ұйғарым тек СЭС-ке беріледі, мониторингтік топтарға ұйғарым берілмейді", – делінген хабарламада.

Тексеру парағында көзделген бұзушылықтар орын алса ғана әкімшілік жауапкершілікке тарту мүмкін болады (ол 20 тармаққа дейін қысқартылады).

"Достар, қарапайым тілмен айтқанда, Кәсіпкерлік кодекс аясында тексерулер институты кеңінен қолданылады деп болжанып отыр – бұл жақсы реттелген және ашық рәсім. Алайда, қазіргі уақытта мониторингтік топтар жүйесіз жүзеге асырып отырған "мониторингтен" құтылу мүмкін болмай тұр", – деді Рустам Жүрсінов.

Бұл ретте ол мониторингтік топтардың назары тек ең өрескел бұзушылықтарға бағытталуы тиіс екенін хабарлады, атап айтқанда:

  • объектінің жұмыс режимін бұзу;
  • келушілер санының көптігі;
  • тыйым салынған объектілердің жұмыс істеуі;
  • бетперде режимін сақтамау.

Тек осы бұзушылықтар туралы деректер әкімшілік істерді жүргізу үшін СЭС-ке жіберілуі тиіс.

Қазіргі уақытта мониторингтік топтардың қызметін шектеу бойынша осындай жұмыстар атқарылып жатыр.

«...Отандық бизнесті барынша қолдау керек. Ал оның дамуына негізсіз тексерулермен, ақша жинаумен, рейдерлікпен кедергі келтіретіндерді қатаң жазалау қажет...»

Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзі,
15 шілде 2019 ж.

Жүрсінов Р.М.

ҚР кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл

Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің блогы Сіздердің маған тікелей шығуға мүмкіндіктеріңіз болуы үшін құрылды және де ол біздің арамызда сындарлы сұхбаттастық орнауына ықпал етеді деп сенемін - ойларыңызды жазыңыздар, пікір бөлісіңіздер, ұсыныс жасаңыздар. Мен сіздердің барлық пікірлеріңізді міндетті түрде оқимын.

Серіктестер

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы
service.pravstat.kz
www.e-gov.kz
Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі