Жаңалықтар

07.12.2020

Қостанайлық кәсіпкерлерді салықты айыппұл түрінде қайта төлеуге мәжбүрлеуде

220

Соңғы 3 жылда 300-ге жуық қостанайлық кәсіпкер мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы талап-арыздар бойынша жауапкер болып шықты. Олардың барлығы қосымша есептелген салықты төлегеннен кейін жағдай біршама ыңғайланғандай болды. Дегенмен, мұның бәрі бекер болып  шықты. Енді бұл сомаларды олардан тағы да әкімшілік айыппұл түрінде өндіріп алуға тырысуда. Алдын ала мәліметтер бойынша, бизнесмендер шамамен 7 млрд теңге төлеуі тиіс.

Мәселе Қостанай облысындағы Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі кеңестің кезекті отырысында қозғалды.

"Әкімшілік кодексте салық сомасын төмендеткені үшін жауапкершілікті көздейтін 278-бап бар. Мемлекеттік кіріс органдары да, біз де бұл бап салықтық тексерулердің нәтижелері бойынша ғана қолданылатынын білетін едік. Сондықтан кәсіпкерлердің ешқайсысы шағымданған жоқ, барлығы келісті. Енді мемлекеттік кірістер органдары жарамсыз деп танылған мәмілелер бойынша әкімшілік іс қозғай бастады. Біздің ойымызша бұл мүлдем дұрыс емес. Өйткені, бұл жағдайда мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы талап-арыздар камералдық бақылау негізінде басталған болатын, ал сот шешімі күшіне енгеннен кейін кәсіпкер қосымша салық есептілігін ұсынды және салықты төледі, енді кәсіпкерді жауапкершілікке тартуға негіз де жоқ", — деді Қостанай облысы бойынша бизнес-омбудсменнің сектор меңгерушісі Самат Сәдуақасов.

Камералдық бақылау тексеру болып табылмайды, сәйкесінше ҚР ӘҚБтК – нің 278-бабы бойынша бизнесті жауапкершілікке тартуға болмайды, Кәсіпкерлер палатасының ұстанымы да осындай. Оның үстіне, әңгіме қомақты сома туралы болып отыр. Ірі бизнес субъектілері үшін айыппұл есептелген салық сомасының 80%-ын құрайды. Мысалы, бір компания 20 млн теңге төледі. Енді мемлекеттік органдардың айтуынша бұл компания тағы 15 миллион теңге төлеуі тиіс. Пандемияға байланысты мемлекет қиындыққа тап болған бизнесті барынша қолдауға тырысып жатқан кезде осындай жағдай орын алып отыр.

Мұндай жағдай тек біздің өңірде ғана орын алған. Неліктен? Салық қызметкерлері аумақтық прокурорларды кінәлап отыр. Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі кеңестің төрағасы Владимир Шакун ұсынымдарға шағым жасалуы мүмкін екенін атап өтті және Мемлекеттік кірістер департаментінің өкілінен олардың тарапынан мұндай реакция болды ма деп сұрады.

"Иә, шынында да, өзекті мәселе. Біз бастамашы болған жоқпыз, прокурорлар акт ұсынды. Кәсіпкерлерді жаппай жауапкершілікке тартудың алдын алу мақсатында біз субъектілерді бір бірлеп жауапкершілікке тартуды жөн көрдік. Оң сот тәжірибесі де бар. Бір заңды тұлға жауапкершілікке тартылды және кейіннен апелляциялық сатыға шағымдану болды және ол күшіне енді. Сот осы бап бойынша құқық бұзушылық құрамы бар деп шешті", — деп түсіндірді Қостанай облысы МКД басшысының орынбасары Сәтжан Ұзақбаев.

Облыстық прокуратурада кәсіпкерлерді әкімшілік жауапкершілікке тартуды ешкім талап етпегенін атап өтті. Мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы сот шешімдерін талдау барысында қадағалау органы ҚР ӘҚБтК-нің 278-бабы құрамының формальды белгісін анықтап, ол туралы салық органдарын хабардар етті.

"Уәкілетті орган бұзушылықты жоюға міндетті болды. Ал ол мұны қалай іске асыратынын біз шешпейміз", - деді прокуратура өкілі.

Сот тәжірибесі «сынағынан» өткен компаниялардың бірі "Трансремвагон" ЖШС болды. Оның өкілі Владимир Матвеевтің айтуынша, олар жасаған келісім нақты болды. Вагондарға арналған тұрақ тежегіштері сатып алынды және орнатылды. Алайда, контрагентте тиісті құжаттар болған жоқ, соның негізінде мәміле жарамсыз деп танылды. Кәсіпорын басшылығы бюджетке қосымша есептелген салықтарды төледі және барлық міндеттемелер орындалды деп ойлаған болатын. Бірақ Рудный қаласының Мемлекеттік кірістер басқармасының ойы басқада екен, прокуратураның ұсынысы негізінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғап, оны сотқа жіберді.

Кәсіпкер сотта әкімшілік құқық бұзушылық жасауға әрекеттенбегенін, мемлекетке материалдық залал келтірмегенін дәлелдеуге тырысты. Дегенмен, Рудный қаласының әкімшілік соты ЖШС-ны кінәлі деп танып, айыппұл тағайындады. Апелляциялық шағым ештеңе шешпеді - қаулы заңды күшіне енді. Қазір ЖШС Жоғарғы сотқа өтінішхат дайындап жатыр.

"Біз Сіздің өтінішхатыңызды Жоғарғы сотта қолдаймыз. Қалыптасқан жағдай бизнес үшін қауіпті. Қазір ең бастысы, мұндай жағдайдың жаппай таралуының алдын алу қажет", - деді Владимир Шакун.

Отырыс қорытындысы бойынша мәселені орталық деңгейге шығару туралы шешім қабылданды. Тиісті құжаттар жақын арада дайындалатын болады.

 

Екатерина Кизяева

Ақпарат көзі: https://alau.kz/po-dvojnomu-tarifu-kostanajskih-predprinimatelej-zastavljajut-povtorno-platit-nalogi-v-vide-shtrafa/

«...Отандық бизнесті барынша қолдау керек. Ал оның дамуына негізсіз тексерулермен, ақша жинаумен, рейдерлікпен кедергі келтіретіндерді қатаң жазалау қажет...»

Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзі,
15 шілде 2019 ж.

Жүрсінов Р.М.

ҚР кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл

Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің блогы Сіздердің маған тікелей шығуға мүмкіндіктеріңіз болуы үшін құрылды және де ол біздің арамызда сындарлы сұхбаттастық орнауына ықпал етеді деп сенемін - ойларыңызды жазыңыздар, пікір бөлісіңіздер, ұсыныс жасаңыздар. Мен сіздердің барлық пікірлеріңізді міндетті түрде оқимын.

Серіктестер

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы
service.pravstat.kz
www.e-gov.kz
Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі