Жаңалықтар

15.10.2020

Қазақстан бизнес-омбудсмені, Жамбыл облысының әкімі және прокуроры кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі Жол картасына қол қойды

274

Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Тараз қаласына жұмыс сапарымен барды.

Рустам Жүрсінов Сарапшылық кеңестің кеңейтілген отырысына қатысты. Отырыста облыс кәсіпкерлерінің бірқатар мәселелері, сондай-ақ осы қиын-қыстау кезеңде бизнесті қолдаудың пысықталып жатқан қосымша шаралары талқыланды.

Кеңес отырысының соңында облыс әкімі Бердібек Сапарбаевпен және облыс прокуроры Нұрғалым Әбдіровпен Жол картасына қол қойды. Бизнес-омбудсмен облыс әкімдігімен, прокуратурасымен бірлесіп, кәсіпкерлерді қолдау және қорғау мақсатында аталған құжаттың әрбір тармағын орындау бойынша барлық шаралар қабылданатынын ерекше атап өтті.

«Егер кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін тікелей қорғау туралы айтатын болсақ, 2016 жылдан бастап бизнес-омбудсмен институты 25 мыңнан астам өтінішті қарады, олардың бірде-біреуі назардан тыс қалмады және тұрақты бақылауда болды. Оның ішінде 2020 жылдың 8 айында 3 378 өтініш қаралды. Бизнес проблемаларының 70%-дан астамы өңірлік деңгейде шешілді. Өткен жылдан бастап облыс әкімдерімен Жол карталарына қол қою тәжірибесі енгізіліп, онда кәсіпкерліктің өңірлік проблемалары және оларды шешу жолдары көрініс тапты», - деп, атап өтті Рустам Жүрсінов.

Жамбыл облысы бойынша 2020 жылдың 8 айында бизнесті қорғау желісі бойынша 188 өтініш келіп түсті. Оның 25%-ы оң шешімін тапты. Қорғалған мүліктік құқықтың жалпы сомасы 250 млн теңгені құрайды. Бұл - күші жойылған айыппұлдар мен өсімақылар, контрагенттердің орындалған шарттық міндеттемелері, қайтарылған мүліктер, тыйым салу мен хабарламалардың күшін жою. Қалған өтініштерге қатысты жұмыс жүргізіліп жатыр.

«...Отандық бизнесті барынша қолдау керек. Ал оның дамуына негізсіз тексерулермен, ақша жинаумен, рейдерлікпен кедергі келтіретіндерді қатаң жазалау қажет...»

Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзі,
15 шілде 2019 ж.

Жүрсінов Р.М.

ҚР кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл

Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің блогы Сіздердің маған тікелей шығуға мүмкіндіктеріңіз болуы үшін құрылды және де ол біздің арамызда сындарлы сұхбаттастық орнауына ықпал етеді деп сенемін - ойларыңызды жазыңыздар, пікір бөлісіңіздер, ұсыныс жасаңыздар. Мен сіздердің барлық пікірлеріңізді міндетті түрде оқимын.

Серіктестер

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы
service.pravstat.kz
www.e-gov.kz
Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі