Жаңалықтар

15.05.2020

Шығыс Қазақстанда бизнеске қатысты шектеулердің күші жойылды

457

Өңірде 16 мамырдан бастап санитарлық ережелерді сақтай отырып, жеке автокөліктің жүріп-тұруына және қоғамдық тамақтандыру объектілеріне өз қызметін бастауға рұқсат етілді.

Шығыс Қазақстан облысында бизнестің жұмысына кедергі келтірген шамадан тыс шектеулердің күші жойылатын болды. Бұл туралы "Фейсбук" желісіндегі парақшасында ҚР Кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Рустам Жүрсінов хабарлады.

"ШҚО әкімі Даниял Ахметов облыс тұрғындарына үндеу жолдады және 16 мамырдан бастап ауданы 2 мың шаршы метрге дейінгі азық-түлік емес тауарлардың көтерме және бөлшек сауда дүкендері ашылатынын хабарлады. Жеке көлікпен жүріп тұруға салынған шектеулердің де күші жойылды. Қоғамдық тамақтандыру объектілерінің жазғы алаңдарына жұмыс істеуге рұқсат берілді. ШҚО санитарлық қызметінің мәліметіне сенер болсақ, 30 орындық дәмханалар мен мейрамханаларды ашу мәселесі жақын арада шешілуі тиіс", – деп хабарлады бизнес-омбудсмен.

Оның айтуынша, ШҚО Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 11 мамырдағы № 7 қаулысында көзделген шамадан тыс шектеу шаралары өңірдегі кәсіпкерлердің наразылығын тудырды, онда 18 мамырдан бастап қоғамдық тамақтандыру нысандары тек өзімен бірге алып кету және сатып алушыға жеткізу тәсілімен жұмыс істеуі тиіс делінген. Және де жеке автокөліктің жүріп-тұруына да  айтарлықтай шектеу қойылды, тіпті түнгі уақытта жүріп-тұруға толығымен тыйым салынды.

Сондай-ақ сауда алаңы 500 ш.м.-ден асатын азық-түлік емес тауарлар мен қосалқы бөлшектердің бөлшек және көтерме саудасымен айналысатын объектілерге қызметін жүзеге асыруға тыйым салынды.

Ведомствоаралық комиссия отырысында Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов елімізде 18 мамырдан бастап қонақ үй кешендері мен жазғы кафелердің және 30 орынға дейінгі қоғамдық тамақтандыру объектілеріне өз  қызметін жүзеге асыруға рұқсат етілетінін айтып өтті.

"Аталмыш мәселені шешуге бизнес-омбудсмен кеңсесі белсене араласты. Өскемендегі менің өкілдерім санитарлық дәрігердің қаулысы жарияланған сәттен бастап босаңдық жасау қажеттілігі туралы келіссөздер жүргізді, және де айтарлықтай нәтиже бар", - деп түйіндеді Рустам Жүрсінов.

Ол барлық кәсіпкерлерді санитарлық қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырды, оған дезинфекциялау құралдарын пайдалана отырып, үй-жайларды ылғалды тазалап отыру, желдету, әлеуметтік қашықтықты сақтау, қызметкерлердің маска мен қолғапты пайдалануы және т.б. кіреді.

 

Саян Абаев

Толығырақ: https://inbusiness.kz/ru/last/v-vko-otmenili-chrezmernye-ogranicheniya-dlya-biznesa

 

«...Отандық бизнесті барынша қолдау керек. Ал оның дамуына негізсіз тексерулермен, ақша жинаумен, рейдерлікпен кедергі келтіретіндерді қатаң жазалау қажет...»

Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзі,
15 шілде 2019 ж.

Жүрсінов Р.М.

ҚР кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл

Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің блогы Сіздердің маған тікелей шығуға мүмкіндіктеріңіз болуы үшін құрылды және де ол біздің арамызда сындарлы сұхбаттастық орнауына ықпал етеді деп сенемін - ойларыңызды жазыңыздар, пікір бөлісіңіздер, ұсыныс жасаңыздар. Мен сіздердің барлық пікірлеріңізді міндетті түрде оқимын.

Серіктестер

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы
service.pravstat.kz
www.e-gov.kz
Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі