Жаңалықтар

21.02.2020

Шағын және орта бизнес: өсу үрдісі

353

Қазақстанда шағын және орта бизнес қарқынды дамып келеді. Соңғы жылы осы салада жұмыс істейтін кәсіпкерлердің саны 7 пайызға артты. Өсу қарқыны да ойдағыдай. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев алға қойған мақсатқа қол жеткізу үшін қалыптасып келе жатқан әлеует тұрғысынан, 2025 жылға қарай ШОК субъектілерінің елдің ЖІӨ-дегі үлесін 35 пайызға дейін ұлғайту (бүгінде бұл көрсеткіш 29,5 пайыз) қажет.

 

Шымкент блицкригі

Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің мәліметтеріне сәйкес, шағын және орта кәсіпкерлік елдің оңтүстігінде белсенді дамып келеді. Өңірлер арасында Шымкент қаласы көшбасшы болып тұр. Онда 20 пайыздық өсімге қол жеткізілді - ШОБ субъектілерінің саны 68 мыңнан асты.  Айта кетерлігі, Шымкент өз көршілері - Жамбыл мен Қызылорда облыстарынан айтарлықтай алда келеді, бұл өңірлерде де шағын және орта бизнестің үлесі жақсы қарқынмен өсіп келеді, өсім шамамен 10 пайызды құрайды, Алматыда бұл көрсеткіш 9 пайыз.

Шымкент билігі шағын және орта бизнесті қолдау мәселелерінде артық ештеңе ойлап тауып жатқан жоқ, дегенмен ол өзінің міндеттеріне селқос қарамайды. Сандар көрсетіп отырғандай, дәл осы ауытқуларсыз "жұмыс режимі", ең оңтайлы нәтижені беріп отыр.

Әрине, қала әкімдігінің шағын және орта кәсіпкерліктен өңір үшін экономикалық қауіпсіздіктің өзіндік құралын жасауға деген талпынысын, стандартты емес тәсілдерді қолданып отырғандығын да айта кеткен жөн.  Мысалы, мегаполистің бұрынғы басшысы Ерлан Айтаханов бизнесті дамытуға қандай мемлекеттік қолдау шаралары көмектесетінін, мемлекет қай жерден кемшілік жібергенін, нені көзден таса қылғанын білу үшін кәсіпкерлерді шайға шақырып, бейресми кездесу ұйымдастыратын еді.

"Біз жеке сектормен ынтымақтастық пен қолдау нұсқаларын қарастыруға дайынбыз. Сондықтан кәсіпкерлермен әңгімелесу барысында: бизнестің жұмысы алға басуы үшін бізге не істеу керек екендігін ашып айтыңыздар", - деп ол кәсіпкерлерге тікелей айтатын еді, тиісті жауапты алғаннан кейін, ол өз командасымен бірге қажетті түзетулерді енгізетін.  Атап айтқанда, әкім ШОБ өкілдерімен ашық сөйлескеннен кейін созылмалы проблемаға айналған жер мәселесі шешіле бастады. Сондай-ақ, тасымалдауды субсидиялау, білім беру саласында жұмыс істейтін кәсіпкерлер үшін жан басына шаққандағы қаржыландыруды арттыру мәселелері де шешімін тапты.

Әрі қарай да Шымкенттің  ШОБ-ты дамыту тәжірибесінің артықшылықтарын айтатын болсақ, әкімдіктің жергілікті Кәсіпкерлер палатасымен және даму институттарымен үйлесімді жұмысы туралы да айта кеткен жөн. Бұл жай ғана сөз емес. Өткен жылдың қорытындысы бойынша Шымкент кәсіпкерлер палатасының директоры Нұрлан Қабіштаев өз сөзінде: "2019 жылы бизнесті қорғау бойынша Палатаға 221 өтініш келіп түсті, олардың 40 пайызы оң шешімін тапты. Бизнес үнемдеген қаражат 854 миллион теңгені құрады. Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі кеңестің қызметі де нәтижелі болды: оның отырыстарында 13 жүйелі проблемалық мәселе қаралды, оның 8-і оң шешілді. Олардың ішінде 500-ге жуық жарнамалық компанияға қатысты салық салудағы жасанды кедергілерді жою, мектепке дейінгі жеке ұйымдарды мемлекеттік тапсырыс аясында қаржыландыруды қайта бастау және төлемдерді өтеу, тасымалдаушыларға қойылатын артық талаптарды жою, бұл жолаушылар тасымалы саласында жұмыс істейтін кәсіпкерлік субъектілерінің дамуына кедергі келтіреді. Сонымен қатар, Палата заңгерлері фармация саласындағы бизнесті негізсіз тексерулердің күшін жоюға, қалалық бизнес-объектілердің алдында көлік құралдарының кедергісіз тұруына қол жеткізді".

Бұл шегі емес. Мысалы, өткен жылы бизнестің нақты қажеттіліктері мен проблемаларын анықтау, сондай-ақ жаңа кәсіпорындарды одан әрі дамыту мен құру үшін әлеуетті тауашаларды анықтау мақсатында бизнес скринингі жүргізілді. Осылайша, өңірде өндірістің толық жүктелмеуі, кадрлық тапшылық, импорт алмастыру және т.б. мәселелер шешіліп жатыр.

Шын мәнінде, кәсіпкерлікті дамыту саласында "Өз ісіңмен айналыс" деген сөз тіркесін жергілікті биліктің жасырын ұраны деп батыл түрде айтуға болады. Және бұл ереже жұмыс істейді. Жақында халық алдында өткен есеп беру кездесуінде Шымкент қаласының әкімі Мұрат Айтенов хабарлағандай, жыл ішінде мегаполисте өнеркәсіп өндірісінің көлемі 15 пайызға, ауыл шаруашылығы өндірісінің көлемі 6,3 пайызға өсті. Бірнеше жыл бойы тоқтап тұрған кәсіпорындар мен жаңа нысандардың іске қосылғандығын мақтанышпен айтуға болады. Атап айтқанда, отбасылық сүт фермалары. Әкім алдағы үш жылда шағын және орта бизнесті қолдауға баса назар аударылатындығын айтып өтті. Мемлекеттік қолдаудың жүйелі шаралары есебінен жалпы құны 3,3 миллиард теңге болатын 300 жоба жүзеге асырылады. 

 

Жүйелік негізде

Егер шағын және орта бизнеске аяққа нық тұруға көмектесу үшін мемлекет қабылдайтын қадамдар туралы айтатын болсақ, оларды шартты түрде екі құрамдас бөлікке бөлуге болады. Біріншіден, бұл "Бизнестің жол картасы", "Еңбек" нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлік бағдарламасы сияқты мемлекеттік бағдарламалардың сериясы. Екіншіден, әңгіме салықтық және кедендік әкімшілендіру шеңберінде ШОБ өкілдеріне түрлі жеңілдіктер мен преференциялар беру, сондай-ақ қаржылық емес қолдау шаралары туралы болып отыр. Шын мәнінде, осы салада мемлекет жүргізіп отырған саясаттың арқасында отандық кәсіпкерлік бұрын-соңды болмаған көмек алды. 

Сонымен, биылғы жылы "Бизнестің жол картасы" бағдарламасының үшінші кезеңі басталды. Оның шеңберінде ШОБ өкілдері үшін жеңілдікті несие беру (7,1 пайыз), несиелер бойынша сыйақы ставкасын субсидиялау, несиелерге кепілдік беру (60 миллион теңгеге дейін) және өтеусіз гранттар беру (3 миллион теңгеге дейін) мүмкіндігі көзделген. Сонымен қатар, мемлекет кәсіпкерлерге оқыту бағдарламаларынан өте отырып, өз құзыреттерін тегін арттыруға мүмкіндік береді. Тағы бір қолдау шарасы -  кәсіпкерлердің қызмет объектілеріне жетіспейтін инженерлік инфрақұрылымды жеткізу.

Ұлттық экономика министрлігінің мәліметінше, бағдарламаны жүзеге асырудың екінші бесжылдығында ғана 120 мың кәсіпкерге мемлекеттік қолдау көрсетілді. Оның 9 мыңы үшін несие субсидияланып, тағы 5 мыңы несиелерге кепілдік, екі мыңға жуығы грант алды. 100 мыңнан астам адам кәсіпкерлік және бизнес жүргізу негіздеріне оқытылды. 165 жоба бойынша инфрақұрылымды жүргізу тәрізді қолдау шаралары іске асырылды.  Мұның барлығына мемлекет 200 миллиард теңгеден астам қаржы жұмсады.  Дегенмен мұның қайтарымы да бар. Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленовтің айтуынша, "15,5 триллион теңгеге өнім өндірілді, шамамен 1 триллион теңге салық төленді".

Елбасы бастамашылық еткен "қарапайым заттар экономикасы" атты жаңа бағдарлама да қарқын алып келеді. Мемлекет басшысының қатысуымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзінде ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин: "қарапайым заттар экономикасын" дамыту бойынша жеңілдікті кредит беру бағдарламасы аясында 217 миллиард теңге сомасына 920 жоба мақұлданды, банктердің қарауында 207 миллиард теңге сомасына 300-ден астам жоба бар", - деп атап өтті.

"Еңбек" бағдарламасына келер болсақ, онда жаппай кәсіпкерлікті дамыту үшін жеңілдетілген несие ғана емес, сонымен қатар тегін несиелер мен өз бизнесін нөлден бастап ашуға көмектесетін оқыту тренингтері қарастырылған. Бұл бағдарлама әсіресе әйелдер мен жастар арасында танымал. Мысалы, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, "Еңбек" бағдарламасы 25 мың жас қазақстандыққа өз ісін ашуға мүмкіндік берді. Оның 3,3 мыңы өз бизнесін жеңілдетілген несиелердің арқасында, 21 мыңы грант есебінен бастады.

Басқа да пәрменді қолдау шаралары бар. Өткен жылы шағын және орта бизнес субъектілері үшін жасалған салық рақымшылығын мысалға алсақ. Ол 44 мыңнан астам кәсіпкерді қамтыды. Есептен шығарылған өсімпұлдар мен айыппұлдардың сомасы 6,5 миллиард теңге. Биылдан бастап Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша шағын және орта бизнес компаниялары үш жылға табыс салығын төлеуден босатылады. Олар үшін 2023 жылға дейін қосымша зейнетақы аударымдарын енгізуді кейінге қалдыру, Салық кодексінде көзделмеген төлемдердің барлық түрлеріне тыйым салу, қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдау жөніндегі банктердің комиссиясын төмендету көзделген. Сондай-ақ, ШОБ субъектілерін тексеруге үш жылға мораторий енгізілді.

 

Жаңа форматта

Мемлекет тарапынан Қазақстанда ШОБ қолдау шараларын ұйымдастырудағы айқын прогреске қарамастан, өсу көрсеткіштері мен сапасы сәйкес болмай тұр. Ең алдымен, шағын бизнестің сапасына келер болсақ. Статистика бойынша, шағын бизнес өкілдерінің 70 пайызы әлі күнге дейін есепті қарапайым түрде дәптерде жүргізеді. Әлбетте, шағын және орта бизнестің тұрақты өсуі сапаны арттырумен қатар жүруі тиіс.  Бұл міндетті шешуге отандық кәсіпкерліктің жаңа деңгейге көшуі көмектеседі. Осы тұрғыда Үкімет басшысы Асқар Маминнің "өмір мен экономиканың барлық салаларын цифрландыруға жаһандық тренд жағдайында цифрлық технологияларды енгізу және кеңінен тарату бәсекеге қабілеттіліктің басты факторы болып отыр" деген пікірін еске алу орынды.

Шағын және орта бизнесті цифрландыру мәселесі бүгінде сарапшы қоғамдастықта да, кәсіби ортада да, депутаттар мен мемлекеттік органдарда да кеңінен талқыланып жатыр. Жақында ғана "Атамекен" ҰКП ШОБ дамыту комитетінің төрағасы Райымбек Баталов онлайн - және бұлтты сервистерді енгізу қажеттілігі туралы айтты, бұл бизнестің тұрақтылығына, оның көлеңкеден шығуына тікелей әсер етеді. "Біз цифрландыру шығындарын субсидиялау "Бизнестің жол картасына" енуі үшін айтып отырмыз. Жергілікті атқарушы органдар қаржыны, бюджет қаражатын цифрландыру шығындарын субсидиялауға пайдалануы үшін айтып отырмыз. Біз шағын бизнесті көлеңкеден шығуға, ашық болуға, оны есеп жүргізудің ашық схемаларына ынталандыратын боламыз".

Бұл бағыттағы мемлекеттік қолдау шаралары да ақталар еді. Мысалы, осы айдың басында Алматыда өткен " Жаһандану дәуіріндегі цифрлық күн тәртібі 2.0. Еуразияның инновациялық экожүйесі" форумында Anna сауда-логистикалық платформасының негізін қалаушы Василий Гриневич цифрландырудан алшақ қалған шағын және орта бизнес субъектілері цифрлық теңсіздікті жеңу проблемасымен бетпе-бет келіп жатқандығын айтып өтті. Оларға көбіне ақпараттандырумен, қымбат өнімдер мен қызметтерді сатып алумен және білікті мамандарды іздестірумен байланысты мәселелерді шешу үшін ішкі ресурстар жетіспейді. Шағын кәсіпорындарды қолдау және біріктіру, кооперациялау қажет, бизнестің органикалық өсуі үшін экоорта құру қажет".

ШОБ-ты цифрландыру кәсіпкерлікті жаңа өсу кезеңіне алып келуі мүмкін. Бұл туралы форум барысында ҚР Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев: "Цифрландыруға көшу шағын компаниялардың пайда болуына ықпал етеді. Компаниялар нарықта бәсекеге түсуі үшін оның ірі болуы міндетті емес. Жаңа технологиялар мұны жасауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ технологиялар құнды төмендету, икемділік пен клиентке бағдарлануды сақтау үшін ғаламторды қолданатын үнемді стартаптарды қалыптастыруға ықпал етеді".

Бүгінде мемлекеттік органдар, сараптамалық қоғамдастық және АТ мамандары ШОБ-тың сандық рельстерге ауыртпалықсыз көшуін жүзеге асыру үшін оңтайлы нұсқаларды әзірлеуге бағдарланып отыр.

 

Маргарита Вайда

Ақпарат көзі:  https://camonitor.kz/34249-malyy-i-sredniy-biznes-tendenciya-k-rostu.html

«...Отандық бизнесті барынша қолдау керек. Ал оның дамуына негізсіз тексерулермен, ақша жинаумен, рейдерлікпен кедергі келтіретіндерді қатаң жазалау қажет...»

Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзі,
15 шілде 2019 ж.

Жүрсінов Р.М.

ҚР кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл

Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің блогы Сіздердің маған тікелей шығуға мүмкіндіктеріңіз болуы үшін құрылды және де ол біздің арамызда сындарлы сұхбаттастық орнауына ықпал етеді деп сенемін - ойларыңызды жазыңыздар, пікір бөлісіңіздер, ұсыныс жасаңыздар. Мен сіздердің барлық пікірлеріңізді міндетті түрде оқимын.

Серіктестер

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы
service.pravstat.kz
www.e-gov.kz
Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі