Жаңалықтар

16.01.2020

Бизнесті қосылған құн салығын төлеуге мәжбүрлеп жатыр

196

Мемлекеттік орган ҚҚС бойынша шекті төмендетуді ұсынып отыр, деп жазады inbusiness.kz. Ал "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы өз кезегінде ҚҚС бойынша шектің төмендеуіне қарсы. Бұлай болған жағдайда жылдық айналымы 53 млн теңгеден асатын кәсіпкерлер ҚҚС бойынша есепке тұруы тиіс.

Ұлттық палатаның мәліметінше, жаңа енгізілім түрлі бағалаулар бойынша Қазақстан бойынша шамамен 20 мың кәсіпкердің мүддесін қозғауы мүмкін. Шектің төмендеуі неге әкеледі? Кәсіпкерлер ҚҚС төлеуші болып табылмайтын ЖК, заңды тұлғалармен немесе жеке тұлғалармен жұмыс істейтін болса, онда бұл ҚҚС айналым салығына, яғни бизнесменнің бүкіл айналымының 12%-на тең болады. Бұдан әрі сарапшылар қосымша шығындар мен тәуекелге ұшырататын неғұрлым күрделі есепке назар аударады. Сондай-ақ, шекті төмендету бизнес үшін салықтық жүктемені арттыруға алып келеді.

ҰКП сарапшыларының пікірінше, бұл норма ҚҚС бойынша шекке жетпеу үшін көлеңкелі айналымға кетудің ықтимал нұсқасына, қолма-қол ақшамен есеп айырысуға алып келеді. Мүмкін болатын сценарийлердің бірі тауарлар мен қызметтер бағасының артуы болмақ, бұл нәтижесінде халықтың төлем қабілеттілігіне кері әсерін тигізеді, ҚҚС-сыз жұмыс істейтін жеке тұлғалар мен кәсіпорындардың қызметтеріне сұраныс азаяды.

ҰКП ҚҚС төлеуші ретінде тіркелу үшін қолданыстағы ең төменгі шекті сақтауды ұсынады. Айта кетейік, ШОБ дамуын қолдау мақсатында 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап арнайы салық режимін қолданатын кәсіпкерлер табыс, әлеуметтік және жер салығын төлеуден босатылды.

"Бір сөзбен айтқанда, бұл түзету кәсіпкерлерге кері әсерін тигізеді. Бұл кәсіпкерлерді өсірудің орнына, кері кетіреді. Даму үшін еш мән жоқ, себебі әлі аяққа тұрып үлгермеген кәсіпорынға 12% салық салынады. ҚҚС – қиын әкімшіліктендірілетін салық: бұрын жарты жылда бір рет есептілік тапсырылып, жалпы табыстан салық төленіп келген болса, ҚҚС-та мұндай жеңілдік жоқ. Бұл жерде есепшінің пікірі қажет және қателік жіберуге болмайды. Бизнес өз жұмысын оңтайландыруға тырысып жатыр. Егер компанияның тиімділігі 8% болса, онда ол өз табысын екіге бөліп, тағы бір компания ашады", - деген пікірде қазақстандық салық консультанттары қауымдастығының басшысы Сәкен Қарин.

Естеріңізге сала кетейік, 2017 жылы жаңа Салық кодексін әзірлеу аясында мемлекеттік органдар ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қою үшін шекті мәндерді қайта қарау мәселесін талқылады. "Атамекен" Ұлттық палатасына 30 000 АЕК мөлшерінде ҚҚС шегін одан әрі кезең-кезеңмен төмендетпей сақтауды ұсынды. Сол кезде салық саясаты саласындағы уәкілетті орган болып табылатын ҚР Ұлттық экономика министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетімен бірлесіп осы бастаманы қолдаған болатын. Алайда, төрт жылдан кейін фискалдар кері шегінуді көздеп отыр.

Майра Медеубаева

Толығырақ: https://inbusiness.kz/ru/news/biznesu-navyazyvayut-nds

«...Отандық бизнесті барынша қолдау керек. Ал оның дамуына негізсіз тексерулермен, ақша жинаумен, рейдерлікпен кедергі келтіретіндерді қатаң жазалау қажет...»

Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзі,
15 шілде 2019 ж.

Жүрсінов Р.М.

ҚР кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл

Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің блогы Сіздердің маған тікелей шығуға мүмкіндіктеріңіз болуы үшін құрылды және де ол біздің арамызда сындарлы сұхбаттастық орнауына ықпал етеді деп сенемін - ойларыңызды жазыңыздар, пікір бөлісіңіздер, ұсыныс жасаңыздар. Мен сіздердің барлық пікірлеріңізді міндетті түрде оқимын.

Серіктестер

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы
service.pravstat.kz
www.e-gov.kz
Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі