Жаңалықтар

06.01.2020

Жамбыл облысы кәсіпкерлер палатасының сарапшылары бизнестің 742 млн теңгеден астам қаржысын сақтап қалды

498

Жамбыл облысы

2019 жылы Жамбыл облысының кәсіпкерлер палатасына бизнесті қорғау саласы бойынша кәсіпкерлік субъектілерінен 272 өтініш келіп түсті, оның 52-сі оң шешімін тапты.

"Ұлттық палатаның негізгі міндеттерінің бірі кәсіпкерлік бастаманы жүзеге асыру үшін қолайлы құқықтық жағдай жасау болып табылады. Палата құрылған уақыттан бері біз бизнестің құқықтары мен заңды мүдделерін ұсынуды, қамтамасыз етуді және қорғауды жүзеге асырып келеміз, заңнаманы жетілдіру процесіне белсенді қатысамыз, Палата сарапшылары кәсіпкерлердің мүдделерін соттарда ұсынады және бизнес үшін барлық өкілдік қызметтер тегін. Өткен жылы Палатаның өкілдері 27 сот процесіне қатысты, 16 іс бойынша кәсіпкерлердің пайдасына шешім шығарылды. Палатаның құқықтық блогы мәселелерді сот талқылауына жеткізбей шешуге тырысады, мұндай жағдайлар орын алғанда біз төреші ретінде әрекет етеміз. Өткен жылы кәсіпкерлер палатасына 272 өтініш келіп түсті, оның 52-сі оң шешімін тапты. Қорғалған мүліктік құқықтардың сомасы 742 млн теңгені құрайды", - деді Жамбыл облысы кәсіпкерлер палатасы директорының құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары Ирина Ким.

Келіп түскен өтініштердің ішінде жер қатынастары саласындағы мәселелер, мемлекеттік органдардың іс-әрекеттеріне, мемлекеттік сатып алулар мен салық мәселелеріне қатысты шағымдар алдыңғы орында тұр.

Жамбыл облысы кәсіпкерлер палатасының Кәсіпкерлер құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңесі бизнесті қорғаудың ең пәрменді құралдарының бірі болып табылады. Кеңес кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін ұсыну, қамтамасыз ету және қорғау мәселелері бойынша міндеттерді жедел және жүйелі шешу үшін, сондай-ақ Жамбыл облысында бизнесті дамытудың проблемалық мәселелерін жария ету мақсатында құрылған. Өткен жылы Кеңестің 8 отырысы өткізілді, онда "БЖК-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде гранттық қаржыландыру бойынша конкурс өткізудің заңдылығы, "Qoldau" инвестициялық субсидиялауға қатысты өтініштерді қанағаттандырудан негізсіз бас тарту, Тараз қаласындағы белгіленген қызыл сызықтардың үстіне салынған құрылыстар мен ғимараттарды бұзу, жекеменшік мал мен мүліктерді ұрлау бойынша мәселелерді қарау және талқылау, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің іс-әрекетін қарау және талқылау сияқты 12 проблемалық мәселе қаралды.

Кеңесте көтерілген 6 мәселе оң шешімін тапты. Әрбір мәселе кәсіпкерлік қызметпен еркін айналысу мәселесін, кәсіпкердің объектісіне дейін жетіспейтін инфрақұрылымды тартуды қаржыландыру тәртібін және өңірдің қажеттіліктерін ескере отырып, сұйытылған мұнай газын жеткізуге арналған жиынтық өтінімді мақұлдау тәртібі, сондай-ақ газ желісі ұйымдары үшін ТМД-ға қажетті көлемді анықтау тетігі тәрізді сұрақтарды қамтыды.

Мысалы, Б. Сегізбаевтың өтініші бойынша Кәсіпкерлердің құқығын қорғау жөніндегі кеңестің шешімімен "Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы" КММ (жұмыс органы) атына бизнес субъектісі жер учаскесін коммуналдық меншікке өтеусіз беру шартымен кәсіпкерлердің жобаларын қарау туралы ұсыныс жолданды. Өңірлік үйлестіру кеңесінің шешімімен Б. Сегізбаевтың электр желісін жүргізу және трансформаторлық қосалқы станцияны орнату жөніндегі өтініші оң шешілді.

«Бейсеубаев Ж.» ЖК-нің Жамбыл облысының Кәсіпкерлер палатасына жүгінуі жарқын мысалдардың бірі бола алады, онда «Тараз қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі» КММ кәсіпкерден белгіленген «қызыл сызық» шеңберінде салынған «АЛКОЦОН» дәмхана ғимаратын бұзуды талап еткен. Осы өтініш аясында Палата түскен талап-арызға қатысты наразылық жобасын дайындады және кәсіпкердің мүддесін ұсынды, нәтижесінде 77 миллион теңге көлемінде кәсіпкердің мүліктік құқығын қорғап қалды. 2018-2019 жж. Жамбыл облысының Кәсіпкерлер палатасы бизнестің 26 жүйелік проблемасын анықтады, оның 17-сі республикалық деңгейдегі проблемалар.

"Коммерциялық мақсатқа жер учаскелерін алу немесе сатып алу кәсіпкерлердің ең маңызды мәселелерінің бірі болып табылады. 2019 жылдың 14 мамырында Жамбыл облысының Кәсіпкерлер палатасы "Ақпараттық-есептеу орталығы" АҚ-ның мамандандырылған ұйымының Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталы арқылы электронды сауда арқылы жер телімдерін беруге бастамашылық етті. 2019 жылдың 18 желтоқсанында Тараз қаласында алғаш рет электронды сауда-саттық-аукцион өткізілді, онда аумағы 0,4351 га құрайтын 5 жер учаскесі сатылымға қойылды.

Сондай-ақ, Кәсіпкерлер палатасы облыстық сотпен, облыстық прокуратурамен және ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментімен жасалған жол картасы бойынша жұмыс жүргізуде. Іс-шаралар жоспарын тиімді және уақтылы іске асыру мақсатында Палата алаңында жауапты орындаушылардың қатысуымен Жол картасын іске асыру мәселелері талқыланады. Екі жақты келісімдер шеңберінде тұрақты негізде сот практикасына мониторинг, заңнаманы талдау және заңнаманы өзгерту бойынша ұсыныстар әзірлеу жүргізіледі, кәсіпкерлердің құқықтарын қорғаудың тиімді тетіктерін әзірлеу және бизнесті дамыту, сондай-ақ мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдардың лауазымды адамдарының бәсекелестікке қарсы іс-әрекеттерін (әрекетсіздігін) анықтау және жолын кесу бойынша жұмыстар жүргізіледі.

Жамбыл облысы кәсіпкерлер палатасының заңнаманы жетілдіруге қатысу құралдарының бірі - заң жобалары тұжырымдамасына және кәсіпкерліктің мүдделерін қозғайтын барлық нормативтік құқықтық актілердің жобаларына сараптамалық қорытындылар беру болып табылады. 2019 жылы сараптамалық қорытынды алу үшін 157 НҚА жобасы келіп түсті.

«...Отандық бизнесті барынша қолдау керек. Ал оның дамуына негізсіз тексерулермен, ақша жинаумен, рейдерлікпен кедергі келтіретіндерді қатаң жазалау қажет...»

Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзі,
15 шілде 2019 ж.

Жүрсінов Р.М.

ҚР кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл

Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің блогы Сіздердің маған тікелей шығуға мүмкіндіктеріңіз болуы үшін құрылды және де ол біздің арамызда сындарлы сұхбаттастық орнауына ықпал етеді деп сенемін - ойларыңызды жазыңыздар, пікір бөлісіңіздер, ұсыныс жасаңыздар. Мен сіздердің барлық пікірлеріңізді міндетті түрде оқимын.

Серіктестер

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы
service.pravstat.kz
www.e-gov.kz
Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі