Жаңалықтар

24.10.2019

Тимур Құлыбаев: Бизнестің барлық ұсыныстарын назарға аламыз

308

Нұр-Сұлтан қаласында "Атамекен" кәсіпкерлер съезі аяқталды, деп жазады inbusiness.kz.

"Атамекен" ҰКП Кәсіпкерлердің VI съезін жаба отырып, Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев ҰКП іс-шарада айтылған барлық ұсыныстарды іске асыратындықтарын атап өтті.

Сондай-ақ, Тимур Құлыбаев бизнес-қауымдастық көтеріп отырған мәселелерден Үкімет құлағдар екендігін де атап өтті.

"Бұл жұмыс тұрақты түрде жүргізіліп жатыр. Экономика министрлігі және басқа да салалық министрліктер бизнес-қоғамдастық пен біздің өңірлік кеңестеріміз көтеретін барлық мәселелерді бақылауда ұстайды.  Мен Үкіметке жемісті диалог үшін алғыс айтқым келеді. Біз туындаған мәселелерді табысты шешіп келеміз", – деп атап өтті Төралқа Төрағасы.

Оның айтуынша, қаржыландыру мәселесі әлі де өзекті болып тұр.

"Біз Ұлттық банкпен нақты секторды қаржыландыруды қайта іске қосу сияқты қаржыландыруды қол жетімді ету үшін келісім жүргізбек ниеттеміз. Біз елімізде тұтынушылық несиелендіру барынша өскенін көріп отырмыз, ал жалақы мөлшері  сол қалпында тұр, осыған қарамастан біз инфляциялық шектеу туралы сөз қозғаймыз. Осы мәселелерді басты назарға алу керек. Сондықтан осы кешенді мәселені жақын арада Үкіметпен және Ұлттық банкпен бірлесіп талқылаймыз деген үміттеміз", – деді Тимур Құлыбаев.

"Съезде берілген барлық тапсырмалар, сондай-ақ делегаттардан келіп түскен ұсыныстар мен ескертулер Ұлттық палатаның жұмысында ескерілетін болады", - деп түйіндеді Тимур Құлыбаев съездің жұмысын.

Айта кетейік, талқылау барысында бірқатар мәселелер қаралды. Оның ішінде - Ұлттық палата қызметінің қорытындылары туралы жыл сайынғы есеп пен үш жылдық кезеңге арналған ҰКП-ның индикативтік орта мерзімді бюджетінің мәселелерін бекіту.

Атап айтқанда, съезд жұмысы барысында палата төрағасының орынбасары Рүстем Жүрсінов жалпы алғанда, "Атамекен" құрылған алты жыл ішінде Үкіметпен бірлесіп бизнес-ортаны жетілдіру бойынша жүйелі негізде жұмыс жүргізетінін атап өтті. Соңғы бірнеше жылда Қазақстандағы іскерлік ахуалды түбегейлі жақсарту бойынша жеті үлкен заң қабылданды. "Атамекен" сарапшылары 621 жүйелік мәселені анықтады, оның 490-ы (79%) оң шешімін тапты.

Ұлттық палата төрағасының орынбасары Эльдар Жұмағазиев "Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасының жүзеге асырылуы туралы айтып өтті. Оның айтуынша, қазіргі таңда 210 млрд теңгені құрайтын 330 жоба екінші деңгейлі банктерде қарастырылып жатыр. ЕДБ-да 173 млрд теңге сомаға 411 жоба мақұлданды. Нәтижесінде алты мыңнан астам жұмыс орны құрылды, салық төлемдері 24 млрд теңгеге ұлғайды.

 

Майра Медеубаева

«...Отандық бизнесті барынша қолдау керек. Ал оның дамуына негізсіз тексерулермен, ақша жинаумен, рейдерлікпен кедергі келтіретіндерді қатаң жазалау қажет...»

Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзі,
15 шілде 2019 ж.

Жүрсінов Р.М.

ҚР кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл

Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің блогы Сіздердің маған тікелей шығуға мүмкіндіктеріңіз болуы үшін құрылды және де ол біздің арамызда сындарлы сұхбаттастық орнауына ықпал етеді деп сенемін - ойларыңызды жазыңыздар, пікір бөлісіңіздер, ұсыныс жасаңыздар. Мен сіздердің барлық пікірлеріңізді міндетті түрде оқимын.

Серіктестер

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы
service.pravstat.kz
www.e-gov.kz
Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі