Жаңалықтар

09.10.2019

Қазақстан жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінде 55-ші орында

1074

Иллюстрациялық фото: pixabay.com

Қазақстан 2019 жылы Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінде 141 елдің ішінен 55-ші орынға ие болды, бұл жаңалық сәрсенбі күні Дүниежүзілік экономикаық форумда жарияланды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі елдердің Төртінші өнеркәсіптік революцияға дайындығын өлшейді. Өлшенетін көрсеткіштердің арасында: институттар сапасы, инфрақұрылым жағдайы, IT және қазіргі заманғы коммуникациялардың енуі, макроэкономикалық тұрақтылық, тұтыну нарығы, еңбек нарығы, қаржы жүйесі, ішкі нарық мөлшері, денсаулық, білім беру және дағдылар, бизнестің даму динамикасы, инновацияларға қабілеттілік бар.

Ең жоғары индекс Сингапурге иесілі, ол көптеген көрсеткіштер бойынша өзге мемлекеттерден алда келеді. Екінші орында АҚШ, үшінші орында Гонконг. Нидерланды мен Швейцария көшбасшыларының бестігіне енді.

Ресей 43-ші орынды сақтап қалды. Әзірбайжан тізімде 58-ші, ал Қырғызстан 96-шы орынға орналасты. Қазақстан өткен жылмен салыстырғанда көрсеткіштерді 4 пункт бойынша жақсартты.

Сарапшылардың ең төменгі бағасын Қазақстанның қаржы жүйесі алды - 104-ші орын. "Денсаулық" және "инновациялық әлеует" елде 95-орынға қойылды. Бизнестің серпінін бағалау - 35-ші орын. Жергілікті еңбек нарығының дамуын жоғары бағалап 25-ші орынға қойды.

Толығырақ: https://tengrinews.kz/kazakhstan_news/nazvano-mesto-kazahstana-indekse-globalnoy-381092/

«...Отандық бизнесті барынша қолдау керек. Ал оның дамуына негізсіз тексерулермен, ақша жинаумен, рейдерлікпен кедергі келтіретіндерді қатаң жазалау қажет...»

Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзі,
15 шілде 2019 ж.

Жүрсінов Р.М.

ҚР кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл

Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің блогы Сіздердің маған тікелей шығуға мүмкіндіктеріңіз болуы үшін құрылды және де ол біздің арамызда сындарлы сұхбаттастық орнауына ықпал етеді деп сенемін - ойларыңызды жазыңыздар, пікір бөлісіңіздер, ұсыныс жасаңыздар. Мен сіздердің барлық пікірлеріңізді міндетті түрде оқимын.

Серіктестер

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы
service.pravstat.kz
www.e-gov.kz
Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі