Халықаралық жаңалықтар

29.07.2019

Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы бір жылда 11%-ға қысқарды

967

ҚР Үкіметі екі ел арасындағы өзара сауда көлемін 2020 жылға қарай миллиард долларға дейін ұлғайтуды жоспарлап отыр.  

Жыл басынан бері Қазақстан Республикасының Қырғызстанмен тауар айналымы 318,3 млн долларды құрады, былтырғы жылмен салыстырғанда 10,5%-ға төмен, деп хабарлайды ranking.kz.

Айта кету керек, Қырғызстанға шығарылатын экспорт 16,6%-ға, төмендеп, 217,5 млн. долларды құрады. Қырғызстаннан әкелінетін импорт, керісінше, бір жылда 6,3%-ға өсіп, 100,8 млн долларды құрады.

Қазақстан болашақта екіжақты сауданың өсуіне және өзара тиімді қарым-қатынастардың дамуына үміт артып отыр. ҚР Премьер-министрі Асқар Маминнің Қырғыз Республикасына ресми сапары аясында Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбековпен кездесу өтті.

Әңгімелесу барысында сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды, перспективалық бағыттар айқындалды және бірлескен жоспарлар белгіленді. Өнеркәсіптік кооперацияны, су-энергетика саласын дамыту, шекаралық өзара іс-қимылды нығайту, сондай-ақ цифрландыру және ғарыш саласындағы бірлескен жобаларды іске асыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Қазіргі уақытта ҚР Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі өзара сауда көлемін 2020 жылға қарай 1 млрд. долларға дейін арттыруды көздеп отыр, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы.

Ағымдағы жылдың бес айында Қырғызстанға жеткізілген негізгі тауар топтары мал және өсімдік өнімдері (32,2% үлеспен) және минералды өнімдер (28% үлеспен) болды.

Импортқа келетін болсақ, Қырғызстаннан Қзақстанға әкелінетін тауарлардың жалпы көлемінің 50,6%-н ақшалай мәндегі минералдық өнімдер, тағы 16%-ын мал және өсімдік тектес өнімдер (дайын азық-түлік тауарлары) құрайды.

Толығырақ: https://inbusiness.kz/ru/last/tovarooborot-kazahstana-s-kyrgyzstanom-sokratilsya-na-11-za-god

«...Отандық бизнесті барынша қолдау керек. Ал оның дамуына негізсіз тексерулермен, ақша жинаумен, рейдерлікпен кедергі келтіретіндерді қатаң жазалау қажет...»

Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзі,
15 шілде 2019 ж.

Жүрсінов Р.М.

ҚР кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл

Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің блогы Сіздердің маған тікелей шығуға мүмкіндіктеріңіз болуы үшін құрылды және де ол біздің арамызда сындарлы сұхбаттастық орнауына ықпал етеді деп сенемін - ойларыңызды жазыңыздар, пікір бөлісіңіздер, ұсыныс жасаңыздар. Мен сіздердің барлық пікірлеріңізді міндетті түрде оқимын.

Серіктестер

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы
service.pravstat.kz
www.e-gov.kz
Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі