Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің блогы Сіздердің маған тікелей шығуға мүмкіндіктеріңіз болуы үшін құрылды және де ол біздің арамызда сындарлы сұхбаттастық орнауына ықпал етеді деп сенемін - ойларыңызды жазыңыздар, пікір бөлісіңіздер, ұсыныс жасаңыздар. Мен сіздердің барлық пікірлеріңізді міндетті түрде оқимын.
«Globmine» ЖШС-нің өтініші бойынша ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне (26.06.2026)
Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және құрылыс
министрлігі
Кәсіпкерлік субъектісінің өтінішін қарау және
бұзылған құқықтарды қалпына келтіру жөнінде
шаралар қабылдау туралы
Менің атыма 2021 жылғы 05 ақпандағы №1188-EL қатты пайдалы қазбаларды барлауға арналған лицензияны тоқтату (кері қайтарып алу) туралы әкімшілік актілерді қабылдауға байланысты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі лауазымды адамдарының іс-әрекеттеріне қатысты «Globmine» ЖШС-дан өтініш келіп түсті.
Өтініш берушінің дәлелдерінен және ұсынылған құжаттардан Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілерінің заңдылық, әділдік, адалдық, пропорционалдылық және құқықтарын қорғау қағидаттарын сақтау мәніне қосымша тексеруді талап ететін мән-жайлар байқалады.
Ұсынылған материалдарға сәйкес, №1188-EL лицензиясы бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын «Globmine» ЖШС «Астана» халықаралық қаржы орталығы (AIFC Court) сотының заңды күшіне енген шешімдерімен расталған Meteor Mining Company KZ (Conduit 24) Ltd. компаниясының берешегін реттеу нәтижесінде заңды негізде сатып алған.
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 40-бабына сәйкес, атқарушылық іс жүргізу шеңберінде жер қойнауын пайдалану құқығының ауысуы борышкердің мүліктік құқықтарына өндіріп алудың заңды тәсілі болып табылады.
2023 жылғы 23 желтоқсаннан бастап жеке сот орындаушысының қаулысы негізінде осы лицензияға мәжбүрлеп өндіріп алу шеңберінде тыйым салынды, бұл туралы Министрлікке тиісті түрде хабарланды. Тараптар берешекті ерікті түрде реттеу туралы келісімге қол жеткізгеннен кейін жеке сот орындаушысының 2025 жылғы 17 қарашадағы қаулысымен тиым салынған №1188-EL лицензиясы «Globmine» ЖШС борышын өтеу есебіне берілді. Жер қойнауын пайдалану құқығын қайта ресімдеу туралы мәселені Министрліктің сараптама комиссиясы жан-жақты қарады, сатып алушының заңнаманың барлық талаптарына сәйкестігін тексерді және оң шешім шығарды, соның негізінде 2026 жылғы 10 наурызда лицензия ресми түрде «Globmine» ЖШС-нің атына қайта ресімделді, ол заңды және мемлекет таныған жер қойнауын пайдаланушыға айналды.
Сонымен қатар, лицензия қайта ресімделгеннен кейін бірден дерлік Министрлік бұрынғы иесі жіберген бұзушылықтарға байланысты оның қолданылуын тоқтату рәсіміне бастамашылық жасады. Уәкілетті органның бұл қадамы Қазақстан Республикасының материалдық және процестік құқығының императивті нормаларын, сондай-ақ халықаралық инвестициялық құқықтың жалпы қабылданған стандарттарын тікелей бұзады.
Біріншіден, «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 106-бабына сәйкес, қатты пайдалы қазбаларды барлауға арналған лицензияны кері қайтарып алу рәсімі қатаң регламенттелген және оларды жою үшін заңнамалық белгіленген мерзім бере отырып, жер қойнауын пайдаланушыға міндеттемелерді бұзу туралы хабарламаны міндетті түрде алдын ала жіберуді талап етеді. «Globmine» ЖШС мекенжайына осындай хабарлама жібермей лицензияны тоқтатуға бастамашылық жасау арнайы заңды тікелей бұзу болып табылады.
Екіншіден, ҚР ӘРПК-нің 73-бабын бұза отырып, жаңа жер қойнауын пайдаланушыға әкімшілік рәсім шеңберінде бұзушылықтарды жою туралы өзінің заңды құқығын іске асыруға, түсіндірмелер мен құжаттарды ұсынуға мүмкіндік берілмеген. Ведомствоның лауазымды адамдары бұзушылықтардың едәуір бөлігі қандай да бір жұмыстарды жүргізу бұғатталған кезде қамауға алынған лицензия кезеңінде қалыптасқанын, ал «Globmine» ЖШС 2026 жылғы 10 наурызда ресми құқыққа кіргеннен кейін дербес және өз инвестициялары есебінен бұрынғы иесінің кемшіліктерін жоюды және дала маусымына дайындықты бастағанын толық елемеген.
Уәкілетті органның әрекеттері ҚР ӘРПК-нің 10 және 13-баптарында бекітілген әкімшілік заңнаманың базалық қағидаттарын, атап айтқанда пропорционалдылық қағидатын және сенім құқығын қорғау қағидатын өрескел бұзады.
2026 жылғы 10 наурызда лицензияны қайта ресімдеу арқылы Министрлік құқықтардың жаңа инвесторға ауысуының заңдылығын растады және оның құқықтық қатынастардың тұрақтылығына қатысты заңды күтулер қалыптастырды. Бизнес субъектісі осы әкімшілік актіге адал сенім артып, қаржыландыруды ашып, материалдық қаражат салды.
Лицензияны қайта ресімдеу кезінде Министрлікке алдын ала белгілі болған негіздер бойынша лицензияны қайтарып алуға немесе тоқтатуға жол берілмейді және мемлекеттік билік шешімдеріне деген сенімге нұқсан келтіреді.
Сонымен қатар, мұндай құқық қолдану практикасы «инвестордың заңды үміттерін қорғау» (Legitimate Expectations) іргелі доктриналық қағидаты қолданылатын жер қойнауын пайдалану саласындағы халықаралық төреліктің (ICSID, ICC және SCC прецеденттік практикасын қоса алғанда) белгіленген стандарттарына толығымен қайшы келеді. Инвестициялық дауларды реттеудің халықаралық тәжірибесіне сәйкес, егер уәкілетті мемлекеттік орган жер қойнауын пайдалану құқығының жаңа тұлғаға ауысуын ресми мақұлдаса, бұрынғы меншік иесі өткен кезеңдерде жол берген бұзушылықтар үшін бұл құқықты кейіннен алып қою немесе жою активтерді жасырын (сусымалы) экспрофиялау ретінде сараланады, бұл мемлекеттің дербес халықаралық-құқықтық және қаржылық жауапкершілігіне әкеп соғады.
Мемлекеттік реттеудің негізгі міндеттерінің бірі – бұрынғы жосықсыз актив иелерінің әрекеттерінің теріс салдарын заңды тәртіппен құқықтарға ие болған және мемлекет алдындағы міндеттемелерді адал орындайтын адамдарға жүктеуге жол бермеу. Ағымдағы кезеңде лицензияның тоқтатылуы өтініш беруші үшін орны толмас шығындарға, инвестициялардың жоғалуына және далалық маусымның бұзылуына әкеп соғады, бұл мемлекеттік және жеке мүдделердің тепе-теңдігін толығымен бұзады.
Баяндалғанды ескере отырып, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі және «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі негізінде әкімшілік әділеттілік қағидаттарын, Инвестицияларды қорғаудың және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің заңды құқықтарын қорғаудың халықаралық стандарттарына сәйкестігін қамтамасыз ету қажеттігін назарға ала отырып, сұраймын:
- «Globmine» ЖШС өтінішінде баяндалған мән-жайларға жан-жақты тексеру жүргізу;
- Қолданыстағы жер қойнауын пайдаланушыны міндетті алдын ала хабардар ету және оның тыңдау құқығын қамтамасыз ету мәселелерін қоса алғанда, №1188-EL лицензиясының қолданылуын тоқтату рәсіміне бастамашылық жасау кезінде «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» ҚР Кодексінің 106-бабының және ҚР ӘРПК 73-бабының талаптарының сақталуын тексеру;
- Атқарушылық іс жүргізу шеңберінде лицензияның тиым салуда болуына, кейіннен берешекті өтеу есебіне лицензияны беруге және оны жаңа жер қойнауын пайдаланушыға қайта ресімдеуге байланысты мән-жайларға тиісті құқықтық баға беру;
- Бұзушылықтарды өз бетінше жоюды, жер қойнауын пайдаланушының міндеттемелерін орындауды және жобаны дамытуға инвестицияларды жүзеге асыруды қоса алғанда, лицензия алғаннан кейін «Globmine» ЖШС жүргізген жұмыстың нәтижелерін қарау;
- «Globmine» ЖШС үшін №1188-EL лицензиясын сақтау және ведомство тарапынан әкімшілік рәсімдерді бұзушылықтар анықталған жағдайда компанияға барлық ескертулерді түзету үшін заңды мерзім беру арқылы туындаған жағдайды соттан тыс тәртіппен реттеу мүмкіндігін қарастыру;
- Өтініште баяндалған дәлелдер расталған жағдайда кәсіпкерлік субъектісінің бұзылған құқықтарын қалпына келтіру жөнінде жан-жақты шаралар қабылдау.
Қарау нәтижелері және қабылданған шаралар туралы заңнамада белгіленген мерзімде Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілге хабарлауды сұраймын.
Қазақстан кәсіпкерлерінің
құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл
Қ. Нұров





