Жетістіктер тарихы

11.06.2019

"Көкшетау Су Арнасының" кәсіпкерге қатысты наразылығының заңсыздығы расталды

1143

Кәсіпкер Көкшетауда салынған көп пәтерлі үйді уақытында тапсыра алмады, себебі - орнатылған есептеуіштердің шенеунікке ұнамауы.

"Pro Build" компаниясы Ақмола облысының кәсіпкерлер палатасына "Көкшетау Су Арнасы" ШЖҚ МКК-ның үстінен шағым айтып жүгінді.

Компания облыс орталығында орналасқан 40 пәтерлі тұрғын үйді пайдалануға беру кезінде проблемалар туындаған.

Құрылыс жұмыстарын компания мерзімінде аяқтағанына қарамастан, "Көкшетау Су Арнасы" ШЖҚ МКК нысанды пайдалануға қабылдау кезінде пәтер модульдерінің су өлшегіш есептеуіштерге сәйкес еместігін кенеттен мәлімдеді. Алайда жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес ЖШС "Pro Build" орнатқан есептеуіштер және олардың модульдері Горводоканал берген техикалық шарттарға толық сәйкес келеді. Сондай-ақ, сумен жабдықтауға және кәрізге қатысты техникалық шарттардың өзгергендігі туралы бизнесменге ешкім ештеңе айтпаған.

Кәсіпкер ЖСҚ талаптарын қатаң орындай отырып пәтерлік есептегіштерді сатып алған: 40 дана модемі бар ыстық су есептеуіші және 40 дана суық су есептеуіші, сондай - ақ орталық су есептеуішін сатып алып, орнату және монтаждау жұмыстарын жүргізген. Ол тапсырыс берушінің алдындағы өз міндеттемелерін толық көлемде адал орындаған.

Осыған қарамастан, "Көкшетау Су Арнасы" қандай да бір түсіндірмесіз импульс-тіркеушілердің басқа модификациядағы есептеуіштерін орнатуды талап етті, ал олар ЖСҚ талаптарына мүлдем сәйкес келмейді.  Оларды ауыстыру үшін кәсіпкер қосымша 2 млн теңге негізсіз шығын шығаруға мәжбүр болар еді.

Ақмола облысының бизнес-омбудсмен аппаратының қызметкерлері Көкшетау әкімдігі арқылы "Көкшетау Су Арнасы"ШЖҚ МКК-ның іс-әрекетіне қатысты тексеруді сұрады. Тексеру МКК наразылығының заңсыздығын растады, нәтижесінде "Көкшетау Су Арнасының" бас директоры З. Әлбеков тәртіптік жазаға тартылды.

«...Отандық бизнесті барынша қолдау керек. Ал оның дамуына негізсіз тексерулермен, ақша жинаумен, рейдерлікпен кедергі келтіретіндерді қатаң жазалау қажет...»

Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзі,
15 шілде 2019 ж.

Жүрсінов Р.М.

ҚР кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл

Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің блогы Сіздердің маған тікелей шығуға мүмкіндіктеріңіз болуы үшін құрылды және де ол біздің арамызда сындарлы сұхбаттастық орнауына ықпал етеді деп сенемін - ойларыңызды жазыңыздар, пікір бөлісіңіздер, ұсыныс жасаңыздар. Мен сіздердің барлық пікірлеріңізді міндетті түрде оқимын.

Серіктестер

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы
service.pravstat.kz
www.e-gov.kz
Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі