Жетістіктер тарихы

25.05.2018

Құқықтарын қорғау үшін бизнес-омбудсмендерге жүгінеді

1285

Солтүстік Қазақстан облысы

Солтүстікқазақстандық кәсіпкерлер шетелде өз құқықтарын қорғау үшін бизнес-омбудсмен институтына жүгінеді.

Бүгінде отандық бизнес қарым-қатынас шекараларын белсенді түрде кеңейтіп келеді. Көршілес ресейлік әріптестерімен бірлесіп жұмыс атқарып жатқан солтүстікқазақстандық кәсіпкерлер үшін де бұл жаңалық болудан қалған. Тиісінше, шетелде бизнес мүдделерін қорғау туралы мәселе туындауда. Мұндай жағдайларда бизнес-омбудсмен институты тамаша құрал болып табылады.

«Өткен жылдың күзінде, Қазақстан мен Ресей кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдердің бірінші бизнес форумы өтті. Онда қазақстандық және ресейлік бизнестің проблемалық мәселелері талқыланды. Ал осы іс-шараның нәтижесі ынтымақтастық туралы келісім жасасу және бүгінде бизнестің дамуына кедергі келтіріп отырған проблемалық мәселелерді анықтау болды», - дейді Солтүстік Қазақстан облысындағы Кәсіпкерлер палатасы директорының Құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары Жеңіс Қазиев.

Сонымен қатар, ол келісім өз жемісін беріп жатқандығын айтып өтті. Осылайша, бүгінгі таңда Ресей мен Қазақстан бизнес-омбудсмендерінің қолдауымен екі солтүстікқазақстандық кәсіпкердің құқығы қорғалды.

«Өткен жылдың мамыр айында бізге спорттық тауарлар сатумен айналысатын компания «Бурыкина Ю.С.» ЖК жүгінді. Ол Ресейден тауар сатып алған, алайда ол жолда қолды болыпты. Бұл жағдайда төтенше шаралар қабылдау қажет болды, сондықтан біз Ресей Федерациясының бизнес-омбудсмені Борис Титовқа жүгініп, осы мәселені шешуге көмектесуін сұрадық. Сондай-ақ, біз Марий Эль Республикасының және Псков облысының бизнес-омбудсмендерімен жедел байланысқа шықтық. Қараша айында мәселе шешілді. Ұрлыққа кінәлі тұлғалар анықталды, сот жүргізілді және қаулы шығарылды. Кәсіпкерге келтірілген зиянның бір бөлігі өтелді, қазіргі уақытта қалған сомаға қатысты мәселе шешілуде. Біз бұл мәселені бақылаудамыз. Биылғы жылы біз екі өтініш бойынша мәселелерді шешу үшін Ресей бизнес-омбудсмендерін тарттық. Олардың бірі шешімін тапты, екіншісі бақылауда», - деп, жалғастырды Қазиев.

Бизнесмендердің өздері де мұндай өзара қарым-қатынастың маңыздылығы туралы айтуда. «Бурыкина Ю.С.» ЖК-нің менеджері Юлия Дубинаның айтуынша, тауардың ұрланғанын білген кезде олар бірден Ресейдің құқық қорғау органдарына жүгінген, алайда тергеу жұмыстары созылып кеткен. Палатаға шағымданып, бұл жұмысқа екі елдің кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдері кіріскен кезде ғана іс орнынан қозғалыпты.

«Біз спорттық тауарлар нарығында 2006 жылдан бері жұмыс істеп келеміз. Осы жылдар ішінде айтарлықтай тәжірибе жинақтадық, тренажерлар мен спорттық жабдықтарды өндірушілермен тікелей ынтымақтастық орнаттық. Өткен жылы біздің компанияда елеулі оқиға болды. Біз ресейлік серіктесіміз - велосипед дайындаушысы өнімдерінің үлкен партиясына тапсырыс бердік, тауар фабрикадан жөнелтілген, бірақ ол жолда толығымен жоғалып кетті. Бұл біздің компанияның имиджі мен бюджеті үшін айтарлықтай ауыр соққы болды. Тауар ұрланғаннан кейін біз Ресей Федерациясының құқық қорғау органдарына жүгіндік, бірақ тергеу ұзаққа созылды. Біз Кәсіпкерлер палатасына және Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілге осы мәселені шешуге көмек беруін өтініп, жүгінуге мәжбүр болдық. Палата қызметкерлері мен бизнес-омбудсмен өтінішімізге бірден құлақ түріп, Ресей Федерациясындағы әріптестерімен хабарласты», - дейді «Бурыкина Ю.С.» ЖК-нің менеджері Юлия Дубина.

Осылайша бизнес-омбудсмендердің, Палата қызметкерлерінің және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің бірлескен күш-жігерінің арқасында жеке кәсіпкердің құқығы қорғалды.

«...Отандық бизнесті барынша қолдау керек. Ал оның дамуына негізсіз тексерулермен, ақша жинаумен, рейдерлікпен кедергі келтіретіндерді қатаң жазалау қажет...»

Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзі,
15 шілде 2019 ж.

Жүрсінов Р.М.

ҚР кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл

Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің блогы Сіздердің маған тікелей шығуға мүмкіндіктеріңіз болуы үшін құрылды және де ол біздің арамызда сындарлы сұхбаттастық орнауына ықпал етеді деп сенемін - ойларыңызды жазыңыздар, пікір бөлісіңіздер, ұсыныс жасаңыздар. Мен сіздердің барлық пікірлеріңізді міндетті түрде оқимын.

Серіктестер

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы
service.pravstat.kz
www.e-gov.kz
Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі