Жетістіктер тарихы

09.02.2018

Батыс Қазақстан облысы кәсіпкерлерінің өзекті мәселелері шешілді

1284

Батыс Қазақстан облысындағы бизнес-омбудсмен аппараты бірқатар мәселелерді шешті

Биылғы жылы бизнес-омбудсмен институтының құрылғанына 2 жыл болды. Оның қызметі жөнінде БҚО Кәсіпкерлер палатасының құқықтық мәселелер бойынша орынбасары Нұржан Мақсотов өз сұхбатында айтты.

Айта кету керек, Болат Палымбетов бизнес-омбудсмен ретінде алдымен Батыс Қазақстан облысына барған болатын. Сапардың негізгі мақсаты өңірдің іскер топтарымен кездесу болды. Сол кезде бизнес-омбудсменнің алдында кәсіпкерлердің «бас ауруына» айналған «өзекті» мәселелер» қозғалған еді.

«Кәсіпкерлер жерді беру кезінде аукцион өткізу арқылы ашықтықты қамтамасыз ету мәселесін көтерді. Бұл проблема 2015-2016 жылдары БҚО-ның жергілікті атқарушы органдары ешқандай аукцион өткізбегендігімен байланысты пайда болды, - деді Нұржан Мақсотов. - Кездесу қорытындысы бойынша Палата Орал әкімдігімен бірлесе отырып «Жер телімдерін беру тәртібінің ашықтығын қамтамасыз ету бойынша толық жоспарын» бекітті.

Аталған жоспар Жергілікті арқарушы органдарда бос жатқан жер телімдері туралы ақпарат пен осы жер телімдерін аукцион арқылы сату мерзімі туралы ақпараттың еркін қолжетімді болуын қамтамасыз етуге бағытталған.

Қазіргі уақытта «Батыс Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасы» сайтында «Кәсіпкерлер үшін» деп аталатын арнайы бөлім ашылған, онда бас жоспарлар, егжей-тегжейлі жоспарлау, берілген жер учаскелері туралы, бос жатқан жер телімдері туралы, сауда-саттық және аукциондар туралы ақпарат онлайн қолжетімді (www.zhkb-bko.gov.kz).

Нәтижесінде, 2017 жылы ауыл шаруашылығы мақсатына  жалпы ауданы 0,784 га 13 жер телімін сату бойынша 2 аукцион және жалпы ауданы 48386,5 га жер теліміне 1 конкурс өткізілді. 2018 жылдың 31 қаңтарында жалпы ауданы 0,4 га құрайтын коммерциялық мақсаттағы объектілер салу үшін 5 жер телімін сату бойынша аукцион өткізілді. Бүгінгі таңда аталған жұмыс жүйелік негізге қойылған.

Өңірлік палата орынбасары айтып өткендей, кәсіпкерлік субъектілері (жолаушы тасымалдаушылар) Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің алдында тарифтерді көтеру және жолаушылар тасымалын субсидиялау мәселесін көтерді.

«Бизнес-омбудсмен бұл мәселеде де бізге қолдау көрсетті. 2017 жылдың 27 маусымында өткізілген Орал қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында тасымалдау үшін жаңа тариф – 80 теңге болып бекітілді, - деді Нұржан Maқсотов. – Кәсіпкерлерді мазалап жүрген тағы бір мәселе бизнестің пайдасына ұйымдардан берешегін қайтару бойынша сот шешімінің орындалу мәселесі. Бизнесмендер мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттан сот шешімін орындауын сұрады, бұл жерде берешек 40 млн. теңгені құрайды. Сот бұйрықтарын орындау шамамен 1-1,5 жылға созылды. Сот орындаушылары тарапынан мынадай шаралар қабылданды – активтерді, борышкердің есеп шотын қамауға алу, тіркеу жасауға тыйым салу және т.б. Дегенмен сот орындаушылары қамауға алынған мүлікті өткізу шараларын жүргізген жоқ. Бұл мәселе бизнес-омбудсмен деңгейінде қаралды. Бизнес-омбудсмен араласқаннан кейін 2017 жылдың басында тиесілі төлемдер төленді».

Болат Палымбетов айтқандай: «Көптеген мәселелерді жергілікті жерлерде шешуге болады және шешу керек. Тиісінше, біз бар күш-жігерімізді өңірлік мәселелерді жергілікті деңгейде шешуге бағыттаймыз», - деді Нұржан Мақсотов. - Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қоғау жөніндегі уәкіл әрі қарай да бизнес-қауымдастықтардың құқықтарын қорғап, қолдау үшін барлық шараларды қолданады деген сенімдеміз».

«...Отандық бизнесті барынша қолдау керек. Ал оның дамуына негізсіз тексерулермен, ақша жинаумен, рейдерлікпен кедергі келтіретіндерді қатаң жазалау қажет...»

Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзі,
15 шілде 2019 ж.

Жүрсінов Р.М.

ҚР кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл

Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің блогы Сіздердің маған тікелей шығуға мүмкіндіктеріңіз болуы үшін құрылды және де ол біздің арамызда сындарлы сұхбаттастық орнауына ықпал етеді деп сенемін - ойларыңызды жазыңыздар, пікір бөлісіңіздер, ұсыныс жасаңыздар. Мен сіздердің барлық пікірлеріңізді міндетті түрде оқимын.

Серіктестер

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы
service.pravstat.kz
www.e-gov.kz
Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі