Жаңалықтар

18.07.2019

Шымкентте кәсіпкерлерге құрылыс нормаларын бұзғаны үшін айыппұл салынады...

326

Фото автордікі

Жыл басынан бері олардан 60 млн теңгеден астам қаржы өндіріп алған, деп жазады kursiv.kz.

Шымкентте 2019 жылы құрылыс нормалары мен ережелерін бұзғаны үшін кәсіпкерлерге 62,7 млн теңге көлемінде айыппұл салынды. Алайда, мамандардың айтуынша, мемлекеттік органдар ғимараттарды тұрғызу процесін бақылай алмайды.

2018 жылдың шілде айында құрылған Шымкент қаласының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы (МСҚБ) қаладағы құрылыс объектілерін 2018 жылдың қазан айында тексере бастады. 2018 жылдың үш айында 110 тексеру жүргізілді, 35 млн теңгеге айыппұл салынды. 2019 жылдың алты айында 214 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оларға 62,7 млн. теңге айыппұл салынды. Оның ішінде 66 адам мамандандырылған әкімшілік сотқа жіберілді, олардан 8,5 млн теңге өндірілді.

"Курсивке" қалалық МСҚБ басқармасының басшысы Берік Дүйсеновтың айтуынша, 100 жағдайдың 95-інде тіркеу барысында бұзушылықтар орын алған, Шымкенттегі құрылыстарда жұмыс жобалары жоқ. Бұдан кейін сараптау және МСҚБ-ны құрылыс-монтаж жұмыстарының басталғандығы жөніндегі хабарлау тәрізді құжаттар да жоқ.

"Бұрын қабылдау актісі болған, осы құжаттың арқасында салалық мемлекеттік органдардың қызметкерлері құрылыс аяқталған соң объектілерді сапасы мен құрылыс нормаларына сәйкестігін тексеретін. Ал қазір бұл да жоқ. Объект пайдалануға енгізіледі және құжаттар әділет органдарына тіркеуге жіберіледі. Кейде біз көптеген бұзушылықтарды анықтаймыз, бірақ нысан пайдалануға беріліп қойған,  ал біз өздігімізден, бастама жасап тексеру жүргізе алмаймыз", – деді Берік Дүйсенов.

Ол сондай-ақ оң сараптама алғаннан кейін меншік иесі алдымен құрылыс-монтаж жұмыстарының басталғандығы туралы МСҚБ органдарына хабарлауға міндетті екенін және осыдан кейін ғана құрылыс-монтаж бригадасын жалдауға, жұмыс жобасының сәйкестігіне техникалық қадағалау және авторлық қадағалау жүргізуге міндетті екенін атап өтті.

"Бұл бәсекелестік орта, мемлекет құрылыс үдерісін мүлде бақыламайды, – деп түсіндірді Берік Дүйсенов. – Нақты құрылыс жеке тәртіпте жүргізіледі. Құрылыс нысаны жеке меншік, құрылыс жүргізетін ЖШС да жеке меншікке тиесілі, сараптама мен жобаларды да жеке компаниялар жүргізеді. Яғни, құрылысты жүзеге асыратын төрт тұлғаның барлығы жеке меншік иелері болып табылады".

Мемлекеттік органдар азаматтардан немесе әкімдіктерден өтініш түскен жағдайда ғана әрекет етеді. Осылайша, Шымкент қаласында өз бетімен құрылыс нысандарын салған тоғыз оқиға анықталды.

"Біз құрылыс нысандарын бұзу туралы тоғыз талап арыз бердік, олардың тоғызы бірінші сатыда қанағаттандырылды. Бірақ апелляция барысында екі нысанның иелері өздерінің жер телімдерінің нысаналы мақсатын өзгертіп, оларды сәйкестендірді. Сондықтан сот бірінші сатыдағы соттың шешімін бұзды және сәйкесінше, біздің талапты қанағаттандырудан бас тартты", – деді сұхбаттасушы.

"Курсивке" жер қатынастары басқармасы мен жер инспекциясы бөлімінде түсіндіргендей, бұл органдар да жоспарлы тексерулер жүргізе алмайды, себебі олар тіпті регламентте де жоқ. "Барлық тексерулер тек хаттар мен өтініштер түскен жағдайда ғана жоспардан тыс жүргізіледі. Басқарма өткен жылдың қазан айында құрылды. 2018 жылдың үш айында шамамен 30-40 заң бұзушылық анықталды. 2019 жылы 20-ға жуық бұзушылық тіркелді. Барлық фактілер қала тұрғындары мен әкімдіктердің өтініштері негізінде ғана анықталды", – деді жер инспекциясы бөлімінің өкілі.

Қазір Шымкентте бұрын-соңды болмаған жұмыс жүргізіліп жатыр: МСҚБ әділет органдарында тіркелген қабылдау актілерін жарамсыз деп тануды бастады.

"Яғни біз сотқа жүгініп, бұзышылықтармен салынған құрылыс нысандарын пайдалануға қабылдаған адамдарды тарта бастадық. Бүгінгі таңда пайдалануға енгізу актілерін жарамсыз деп тану туралы сотқа үш іс жолданды. Біз өрескел бұзушылықтарды анықтадық, тіпті, құрылыс жұмыстары бітпеген объектілер пайдалануға берілген. Осындай істердің бірі ғана: екінші қабат енді ғана салынып жатыр, ал, ғимарат пайдалануға берілген, біз сотқа жүгіндік", – деді Дүйсенов.

Шымкентте жарты жылда басқармаға құрылыс-монтаж жұмыстарының басталғандығы туралы 126 хабарлама келіп түсті. Оның 108-і жеке инвестиция есебінен, 18-і бюджет есебінен салынып жатыр.

 Наталья Хайкина

«...Отандық бизнесті барынша қолдау керек. Ал оның дамуына негізсіз тексерулермен, ақша жинаумен, рейдерлікпен кедергі келтіретіндерді қатаң жазалау қажет...»

Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзі,
15 шілде 2019 ж.

Жүрсінов Р.М.

ҚР кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл

Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің блогы Сіздердің маған тікелей шығуға мүмкіндіктеріңіз болуы үшін құрылды және де ол біздің арамызда сындарлы сұхбаттастық орнауына ықпал етеді деп сенемін - ойларыңызды жазыңыздар, пікір бөлісіңіздер, ұсыныс жасаңыздар. Мен сіздердің барлық пікірлеріңізді міндетті түрде оқимын.

Серіктестер

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы
service.pravstat.kz
www.e-gov.kz
Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі