Жаңалықтар

15.07.2019

Тоқаев: Ұлттық буржуазияны барынша қолдауды тапсырамын

363

Фото: Depositphotos.com/SimpleFoto

15 шілде, дүйсенбі күнгі Үкімет отырысында Мемлекет басшысының отандық бизнесті қолдауға қатысты түбегейлі ұстанымы жөнінде сөз қозғалды, деп жазады forbes.kz.

Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бизнесті дамыту үшін жағдай жасау және осы саладағы негізсіз мемлекеттік бақылауды қысқарту қажеттігіне назар аударды.

- Менің ұстанымымды сіздер білесіздер. Ұлттық буржуазияны, яғни отандық бизнесті барынша қолдау керек. Ал оны негізсіз тексерулермен, алым-салықтармен, рейдерлікпен дамытуға кедергі келтіргендер қатаң жазалануы тиіс. Мемлекеттік органдар мен олардың өкілдерінің бизнеске тосқауыл тудыруға бағытталған іс-қимылдарын қылмыс ретінде қарастыратын уақыт жетті деп есептеймін. Заңнамада қылмыстық қудалау тәрізі қатаң шараларды қарастыру қажет. Мұндай шаралар бірқатар мемлекеттерде қолданылып жатыр.  (...) Үкіметке заңнамаға тиісті өзгертулер енгізуді тапсырамын, - деді ол.

Сонымен қатар, президент жұмыс орындарын құру бойынша жұмысты қарқындатуды тапсырды.

- Экономиканың жай-күйі мен мемлекеттегі ішкі тұрақтылық осы проблеманың шешілуіне байланысты. Осыны жақсы түсінуіміз керек, сондықтан үкіметтің, әкімдердің қызметінің нәтижелерін қарау барысында бұл көрсеткіш бірінші кезекте ескерілетін болады. Күн сайын, апта сайын дерлік жұмыс орындарын құру мәселесімен айналысу керек. Бұл мәселе толығымен шешілмейінше қиын жағдайдан шыға алмасымыз анық, - деді ол Үкімет мүшелеріне.

Әзірге бұл мәселе, оның пікірінше, тиісті шешімін тапқан жоқ.

- Тиісті бағдарламалардың тетіктері, атап айтқанда "Еңбек" өзін жеткілікті дәрежеде ақтаған жоқ. Серпіні де қатты емес, еліміздегі жұмыссыздық та қысқарған жоқ. Жұмыс орындарын құру өте баяу жүріп жатыр. Сондықтан да біз осы мәселеге ерекше назар аударуымыз керек, - деді Тоқаев Премьер-Министрге: - Асқар Ұзақбайұлы, мен сізден осы мәселеге барынша назар аударуыңызды сұраймын. Егер банктерде проблема туындаса, онда Ұлттық банкті тарту қажет. Мен Үкімет пен Ұлттық Банкке осы проблемаларды келісілген түрде шешіп, бір ай мерзім ішінде нәтижелер туралы баяндауға тапсырма беремін. Бұл ретте бизнестің қарсы міндеттемелері туралы ұмытуға болмайды. Өйткені біз мемлекетік бюджеттен көп мөлшерде қаражат бөліп жатырмыз, қуаттылықтарды барынша ұлғайтып жатырмыз, сондықтан "Атамекен" ҰКП және жалпы бизнес үкіметке қолдау көрсетуге тиіс. Басқаша айтқанда, Үкімет "Атамекен" ҰКП-мен және басқа да тиісті мекемелермен келісілген түрде жұмыс атқаруы қажет.

 

Ирина Севостьянова

«...Отандық бизнесті барынша қолдау керек. Ал оның дамуына негізсіз тексерулермен, ақша жинаумен, рейдерлікпен кедергі келтіретіндерді қатаң жазалау қажет...»

Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзі,
15 шілде 2019 ж.

Жүрсінов Р.М.

ҚР кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл

Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің блогы Сіздердің маған тікелей шығуға мүмкіндіктеріңіз болуы үшін құрылды және де ол біздің арамызда сындарлы сұхбаттастық орнауына ықпал етеді деп сенемін - ойларыңызды жазыңыздар, пікір бөлісіңіздер, ұсыныс жасаңыздар. Мен сіздердің барлық пікірлеріңізді міндетті түрде оқимын.

Серіктестер

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы
service.pravstat.kz
www.e-gov.kz
Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі