Жаңалықтар

15.07.2019

Тоқаев бизнесті дамытуға кедергі келтіретін шенеуніктерге қатысты жазаны күшейтуді тапсырды

390

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бизнесті дамытуға кедергі тудыратын шенеуніктерге қатысты жазаны күшейтуді тапсырды. Бұл туралы ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында мәлім болды, деп хабарлайды Kazpravda.kz тілшісі.

"Сіздер менің ұстанымымды білесіздер – отандық бизнесті барынша қолдау керек. Ал оның дамуына негізсіз тексерулер, алым-салықтар, рейдерлік арқылы кедергі келтіргендер қатаң жазалануы керек", – деді Тоқаев.

Президенттің айтуынша, Қазақстанда бизнеске кедергі тудыруға бағытталған мемлекеттік органдардың өкілдерінің әрекеті үшін жауапкершілікті күшейту керек.

"Заңнамаларда қылмыстық қудалауға дейінгі қатаң шараларды қарастыру қажет. Бизнестің дамуына кедергі келтіретін шенеуніктерге қатысты бас бостандығынан айыруға дейінгі қатаң жазалау шараларын қолдану қажет. Үкіметке заңнамаға тиісті өзгертулер енгізуді тапсырамын", – деп тапсырды Мемлекет басшысы.

 

Екатерина Елисеева

«...Отандық бизнесті барынша қолдау керек. Ал оның дамуына негізсіз тексерулермен, ақша жинаумен, рейдерлікпен кедергі келтіретіндерді қатаң жазалау қажет...»

Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзі,
15 шілде 2019 ж.

Жүрсінов Р.М.

ҚР кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл

Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің блогы Сіздердің маған тікелей шығуға мүмкіндіктеріңіз болуы үшін құрылды және де ол біздің арамызда сындарлы сұхбаттастық орнауына ықпал етеді деп сенемін - ойларыңызды жазыңыздар, пікір бөлісіңіздер, ұсыныс жасаңыздар. Мен сіздердің барлық пікірлеріңізді міндетті түрде оқимын.

Серіктестер

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы
service.pravstat.kz
www.e-gov.kz
Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі