Жаңалықтар

12.07.2019

Болат Палымбетов павлодарлық кәсіпкерлермен кездесті

65

Павлодар облысы

Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Болат Палымбетов іскерлік сапармен Павлодар қаласына барды.

Бұл жерде облыс прокурорының орынбасары Марат Әлихановпен кездесті. Кездесу барысында тараптар кәсіпкерлер тап болатын проблемалық мәселелерді талқылады.

Жақында ашылған "Инвесторлар үйінде" Болат Палымбетов пен өңір әкімі Болат Бақауов кәсіпкерлердің өтініштерін егжей-тегжейлі талқылап, оларды шешу жолдарын қарастырды. Кездесу қорытындысы бойынша өңір басшысы мемлекеттік органдарға бизнес-ахуалды жақсарту жөнінде бірқатар тапсырмалар берді.

Өңірлік кеңес отырысы барысында Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл бизнес-омбудсмен институтының негізгі жетістіктерін атап өтті.

"Кәсіпкердің бірде-бір өтініші қараусыз қалмайды. Біз кәсіпкерлік қызмет туралы заңға түзетулер енгізуге қол жеткіздік. Заңнаманы ізгілендіру жүріп жатыр. Профилактикалық бақылау жүйесі даму үстінде. Жалған кәсіпкерлік туралы бапты қылмыстық сипаттан арылттық. Осы шаралардың арқасында кәсіпкерлерден түскен шағымдардың саны азайғаны байқалады. Сонымен қатар, кәсіпкерлер мемлекеттік органдарды жеңген сот шешімдерінің саны өсіп келеді. Бізде шекаралас мемлекеттермен жұмыс істейтін кәсіпкерлер көп. Олар қандай да бір проблемалар туындаған жағдайда, өз проблемасымен жалғыз қалмайтындықтарын білуі тиіс. Біз Ресей мен Өзбекстанның бизнес-омбудсмендерімен өзара көмек көрсету туралы шарт жасастық", - деп атап өтті Болат Палымбетов.

Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл бизнес-омбудсмен институты бизнес субъектілерін қылмыстық қудалау орбитасына тартуға қатысты мониторинг жүргізетінін айтты.

"Өңір басшысымен жақсы, сындарлы диалог өтті. Павлодар облысы кәсіпкерлікті дамыту үшін барлық алғышарттары бар индустриялық аймақ. Біз кәсіпкерлерге қатысты қылмыстық істерді қозғауға мониторинг жүргізіп жатырмыз. Павлодар облысы бойынша қылмыстық істер санының төмендеуінің жақсы үрдісі бар екенін атап өту қажет. Оған қоса, сауықтыру негіздері бойынша бизнес субъектілеріне қатысты қылмыстық істерді қысқарту жүргізіліп жатыр. Бұл тұрғыда жұмыс жақсы жүргізілуде", - дейді бизнес-омбудсмен.

Болат Палымбетов, адал кәсіпкердің құқығы басымдыққа ие екендігіне назар аударды. Өңірлік кеңес мүшелері кәсіпкерлердің мәселелерін шешу бойынша бірқатар ұсыныстар айтты.  

Жер Кодексінің 43-бабына сәйкес жер учаскелерін берудің ашықтығы болуы тиіс, дегенмен бұл жергілікті жерлерде сақталмайды.

"Жергілікті атқарушы органдар бұқаралық ақпарат құралдарында, интернет-ресурстарда берілген жер учаскелері туралы мәліметтерді жариялауға міндетті: кімге, қайда, қандай алаң және жер қандай мақсаттар үшін бөлінген. Сондықтан, кәсіпкерге жер учаскесін беруден бас тартқан жағдайда "Атамекеннің" қатысуымен бас тартудың себебі қандай екенін түсіндіру қажет. Кәсіпкерлерден түсетін шағымдарының 90%-ын жергілікті жерлерде шешуге болады. Бүгін облыс әкімі өз қол астындағыларға жақсы ұсыныстар берді", - деп, түйіндеді Болат Палымбетов.

Бизнес-омбудсмен павлодарлық кәсіпкерлерді жеке қабылдады, проблемалық мәселелерді зерделеп, олардың әрқайсысын егжей-тегжейлі қарауға уәде берді.

«...Отандық бизнесті барынша қолдау керек. Ал оның дамуына негізсіз тексерулермен, ақша жинаумен, рейдерлікпен кедергі келтіретіндерді қатаң жазалау қажет...»

Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзі, 15 шілді 2019 ж.

Палымбетов Б.Ә.

ҚР кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл

Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің блогы Сіздердің маған тікелей шығуға мүмкіндіктеріңіз болуы үшін құрылды және де ол біздің арамызда сындарлы сұхбаттастық орнауына ықпал етеді деп сенемін - ойларыңызды жазыңыздар, пікір бөлісіңіздер, ұсыныс жасаңыздар. Мен сіздердің барлық пікірлеріңізді міндетті түрде оқимын.

Серіктестер

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы
service.pravstat.kz
www.e-gov.kz
Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі