Жаңалықтар

11.07.2019

Кәсіпкер мен мемлекеттік орган арасындағы көпжылдық дауға нүкте қойылды

35

Алматы қаласындағы бизнес-омбудсмен аппараты кәсіпкер мен мемлекеттік орган арасындағы көп жылдық даудың шешілуіне қол жеткізді. Мемлекеттік орган бірнеше жылдан бері қалалық кәсіпкерді заңсыз титықтатып келген.

Мемлекеттік органмен мұндай ұзақ уақыт  қақтығыста болған «БТК Групп» компаниясы. ЖШС Түрксіб ауданын дамытуға қатысты әлеуметтік бағдарламалардың қатысушысы болып табылады, ол 2006 жылдан бері Алматы қаласы, Майлин көшесі, 18-үйде орналасқан бала бақшаны нысаналы мақсатында пайдаланып отыр. Бұрын аталмыш балабақша 1978 жылдан бастап Алматы әуежайының балансында болды және ведомстволық болып табылған.

2005 жылы Алматы қаласының әкімдігі мен "Алматы халықаралық әуежайы" АҚ арасында 10 жыл мерзімге бөбекжай-бақшаны пайдалану және қызмет көрсету үшін жер учаскесін жалдау туралы шарт жасалды.

2006 жылғы қазанда бала бақшаның қызметтері бейінді емес қызмет түрлері деп танылғандықтан, "Алматы халықаралық әуежайы" АҚ-на 27.10.2006 жылға дейінгі мерзімде "бәсекелестік ортаға беру үшін мүлікті иеліктен айыру туралы өтініш беру" туралы нұсқалған болатын.

Осыған байланысты "БТК Групп" ЖШС құрылды және балабақша ғимараты серіктестікке қосалқы жалға берілді. Қосалқы жалдау шарты жыл сайын толықтырылып, ұзартылып отырған, Серіктестік бүгінгі күнге дейін аталған нысанды пайдаланып келді.

2006 жылдың қараша айында "БТК Групп" балабақша ғимараты мен аумағындағы мүлікті сатып алды. Ал 2011 жылы жалға алу мерзімі аяқталған соң ЖШС қосалқы жалға беруші бөбекжай ғимаратын ҚР Мемлекеттік мүлік жөніндегі Алматы қалалық аумақтық комитетінің пайдасына иеліктен шығару туралы шешім қабылдағанын біледі. Алайда, ғимараттарды қабылдап алу бойынша меншік құқығы қандай да бір тұлғаның атында мемлекеттік тіркеуден өтпеген, ал ғимараттар бұрынғыдай "БТК Групп" ЖШС иелігінде болған.

Мүліктік қатынастарды заңдастыру үшін "БТК Групп" ЖШС 2015 жылдың желтоқсанында Алматы қаласының мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментіне объектілерді мүліктік жалға беру туралы өтініш жіберді. Алайда ол қанағаттандырылмаған.

2016 жылдың маусым айында ҚР ҚМ Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті нысанның әлеуметтік маңыздылығына байланысты балабақша ғимаратын республикалық меншіктен Алматы қаласының коммуналдық меншігіне ауыстырудың орындылығы туралы ұсыныс енгізіліп, 2016 жылғы қазан айында ол іске асырылған.

Осы сәттен бастап серіктестік әуре-сарсаңға түсті.

Мүлікті беру рәсімі, сондай-ақ жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін барлық құжаттарды ресімдегеннен кейін Серіктестікпен ғимаратты жалға алу шарты ресімделеді, серіктестік директоры өзіне берілген сенімхаттар бойынша жер учаскесіне және балабақша ғимаратына құқық белгілейтін құжаттарды ресімдеумен айналысады, бұл ретте заң шығару бойынша барлық шығыстарды ол өз қаражаты есебінен жүргізеді.

Алайда, барлық қажетті құжаттарды ресімдегеннен кейін серіктестік жалға алу шартының орнына Алматы қаласының қаржы басқармасынан ғимаратты босату және қарызды төлеу туралы талаппен хабарлама алады.

Әр түрлі сатыларға балабақшаны ғимараттан шығарып тастамауды өтініп және мәселені құқықтық алаңда шешуді сұрап бірнеше рет жүгінгеннен кейін серіктестік сотқа шақыру қағазын алған.

Алматы қ. МАЭС 2018 ж. "БТК Групп" ЖШС-не қатысты балабақша ғимараттарын босату және серіктестіктен жергілікті бюджет кірісіне 20 808 224 теңге және мемлекет кірісіне 625 450 теңге сомасында мемлекеттік бажды өндіріп алу туралы шешім қабылдайды.

2018 жылы "БТК Групп" ЖШС Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілге жүгінді. ҚР кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл аппараты Алматы қаласының прокуратурасына өтініш жолдады.

Бизнес-омбудсмен секторы Алматы қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасында ЖШС мүддесін білдіруге жәрдем көрсетті, онда қаулымен алдыңғы шешімнің күші жойылды және басқа құрамда қайта қарауға жіберілді. 

Істі қарау барысында анықталғандай, Қаржы басқармасы нысанды, қызметкерлер штатын ұстауға ешқандай қаражат жұмсамай, құқықтық негізі жоқ бола тұра, сот талқылауына бастамашылық жасаған. Ал "БТК Групп" ЖШС бір жылдан астам сот дауларына тартылып, қаржысын және уақытын жоғалтқан.

Бір жарым жыл бойы бизнес-омбудсмен секторы консультациялық-құқықтық қолдауды жүзеге асырды, Алматы қаласының соттарында компанияның мүдделерін білдіруге жәрдем көрсетті.

Міне, бизнес-омбудсмен аппараты қызметкерлерінің арқасында ағымдағы жылдың 25 маусымында ҚР Жоғарғы соты кәсіпкер мен мемлекеттік орган арасындағы ұзаққа созылған осы дауға нүкте қойды, ол "БТК Групп" ЖШС талаптарының негізділігін мойындады.

 

«...Отандық бизнесті барынша қолдау керек. Ал оның дамуына негізсіз тексерулермен, ақша жинаумен, рейдерлікпен кедергі келтіретіндерді қатаң жазалау қажет...»

Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзі, 15 шілді 2019 ж.

Палымбетов Б.Ә.

ҚР кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл

Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің блогы Сіздердің маған тікелей шығуға мүмкіндіктеріңіз болуы үшін құрылды және де ол біздің арамызда сындарлы сұхбаттастық орнауына ықпал етеді деп сенемін - ойларыңызды жазыңыздар, пікір бөлісіңіздер, ұсыныс жасаңыздар. Мен сіздердің барлық пікірлеріңізді міндетті түрде оқимын.

Серіктестер

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы
service.pravstat.kz
www.e-gov.kz
Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі