Жаңалықтар

11.07.2019

БҚО бизнесіне салалық сарапшылар не үшін қажет...

19

Фото: Shutterstock

 

Және олар индустриалды сертификат алуға қалай көмектеседі

Жиһаз өнеркәсібі саласындағы сарапшыларға қатысты жағдай мынадай – олардың кәсіпорынға келуін кезек бойынша күту қажет болады, ал жеңіл өнеркәсіптегі мамандарды біздің елімізде табу өте қиын. Индустриялық сертификаттың қандай артықшылықтары мен кемшіліктері бар, ол бизнеске не үшін қажет және оны алу қаншалықты қиын екендігін «Курсив» анықтады.

2019 жылдан бастап мемлекеттік сатып алуларға қатысуға ниет білдірген ҚР барлық кәсіпкерлерінің тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді өндіруге индустриялық сертификаты (ИС) болуы тиіс. Мұндай сертификаттарды Өңірлік кәсіпкерлер палаталары (ӨКП) береді.

Жиһаз бен тоқыма бірінші рет сертификат алғалы отыр

БҚО КП әкімшілік бөлімінің сарапшысы Райса Рахметова "Курсивке" ИС кәсіпорынның отандық тауар өндірушілер тізілімінде бар екендігін дәлелдейтіндігін түсіндірді. Қолында ИС бар кәсіпкер мемлекеттік сатып алуларға қатысып қана қоймай, сонымен қатар тендерге қатысу үшін өзі белгілеген шартты бағаға 20%-дық қосымша құн түріндегі артықшылықтарды ала алады.

"2019 жылдың 1 шілдесіне дейін мемлекеттік сатып алуларға қатысу үшін бұл сертификаттарды жиһаз және жеңіл өнеркәсіп салаларында жұмыс істейтін кәсіпорындар ғана алуы тиіс, сондықтан қазір біз осы салалардағы бизнес өкілдерімен тығыз жұмыс істеп жатырмыз", – дейді Райса Рахметова.

 

ИС алу үшін не қажет?

Райса Рахметованың айтуынша, бұл құжатты алу рәсімі екі кезеңнен тұрады. Бірінші сатыда бизнесмен салалық сарапшыны кәсіпорынның жұмысы туралы өз қорытындысын беру үшін өндіріске шақыруға міндетті.

 

Сарапшылар Қандай да бір тауарлар мен қызметтерді өндірушілер қауымдастықтарының өкілдері болып табылады (олар тексеріп-қараудан кейін 5-10 күн ішінде өз қорытындысын беруі тиіс).

"Қауымдастық өкілі материалдық-техникалық база – жабдықтар, шикізат, кәсіпорын қызметкерлерінің кәсіпқойлығын, өндіріс қуатын тексереді. Өз тексерісінің қорытындысы бойынша кәсіпорын оның иесі сертификат алу құжаттарында мәлімдеген өнімді өндіре алатынығына немесе өндіре алмайтындығына баға береді", – деп түсіндірді Рахметова.

ҰКП сайтында барлық салалық қауымдастықтардың электрондық мекен-жайлары, телефондары көрсетілген сертификаттау бөлімі бар және кәсіпкер шақыруға ниет білдірген сарапшыны өзі таңдай алады.

 

Барлық нақты өндірушілерді тізілімге енгізу

Егер салалық сарапшы оң қорытынды берсе, онда кәсіпкер ИС ресімдеудің екінші кезеңіне өтеді. Ол doc24.kz сайтында ЭЦҚ көмегімен тіркелуі қажет: қазақ және орыс тілдерінде сауалнаманы толтыру - өз кәсіпорнының атауын, БСН, өз базасының орналасқан жерін, қызметкерлердің санын, өндірілетін тауарлардың, жабдықтардың тізбесін көрсету. Сондай-ақ салалық сарапшы берген қорытындыны қоса ұсыну қажет.

Кәсіпкердің өтінімі doc24.kz сайтында пайда болғанда оны тексерумен ӨКП-ның сертификаттау қызметі айналыса бастайды. Егер барлық ұсынылған құжаттар тәртіп бойынша болса, онда жеті күн ішінде ӨКП, жергілікті әкімдік қызметкерлері, өңірлік кеңес өкілдері арасынан құрылған комиссия көзбен шолып тексеру жүргізу үшін кәсіпорынға барып, фото және бейнетүсірілім жасайды. Егер комиссия мүшелерінде ешқандай сұрақ туындамаса, онда кәсіпорын ИС алады.

Қазіргі таңда жиһаз дайындаумен айналысатын БҚО-ның үш кәсіпорны жиһаз өндірісі саласындағы сарапшыны қабылдауға ниет білдіріп отыр, олар: "Квант" ЖШС, "Баталасу" ЖШС, "Априори"ЖШС. Олардың барлығы қажетті маманды тапты.

Жеңіл өнеркәсіпке қатысты Райса Рахметова индустриялық сертификат алуға ниетті кәсіпорындар қазір салалық сарапшыларды іздестірумен айналысып жатқандықтарын айтып өтті. Оның айтуынша, Қазақстанда бұл оңай емес – елімізде жеңіл өнеркәсіп саласындағы сарапшылар өте аз. Дегенмен, БҚО-да екі кәсіпорын - "Надежда "тігін-трикотаж фабрикасы" ЖШС және "Завод "Плюс" ЖШС қазір ИС алу үшін құжаттарды дайындау үстінде. Рахметова ханым ИС 36 ай мерзімге тегін берілетінін атап өтті.  Бірақ жыл сайын кәсіпкер оны өзектендіруі тиіс, өйткені жұмыс барысында оның өндірісі кеңеюі мүмкін.

 

Кедергі сарапшылары

"Баталасу" ЖШС сату бөлімінің басшысы Юлия Гриднева "Курсивке" өздерінің "Квант" ЖШС-мен біріккендіктерін мәлімдеді, екі кәсіпорын Астанадан жиһаз өндірісі сарапшысын бірлесіп шақырмақ ниетте. Екі кәсіпорын үнемдеу мақсатында маманды қабылдауға шығатын шығындарды бірлесіп өтемек.

"Бұл сертификат бізге қажет, себебі ол отандық өндірушілерді қолдауға бағытталған. Өндіруші болып табылмайтын және мемлекеттік сатып алуларға қатысу үшін қандай да бір тауарларды сатып алып, қайта сатумен айналысатын ұсақ кәсіпорындар електен өткізіледі", - деп атап өтті Гриднева. Бұл мемлекеттік сатып алуларға қатысушылар болып табылатын өндіруші компаниялар үшін де артықшылық. Юлия Гридневаның пікірінше, елімізде салалық қауымдастықтардың жетіспеуі бизнес үшін проблема болып табылады – қазір кәсіпкер-жиһазшылар арасында өз кәсіпорындарында салалық сарапшыларды қабылдауға кезек пайда болды.

"Квант" ЖШС Бас директорының орынбасары Дмитрий Пшеничный "Курсивпен" әңгіме барысында ірі өндірушілер үшін ИС алу еш қиындық тудырмайтындығын, ал шағын кәсіпорындарды мемлекеттік сатып алуларға қатыспаса, өткізу нарығын қалай реттейтіндігі туралы ойлануға мәжбүрлейтіндігін айтып өтті.

"Менің ойымша, ИС нақты өндірушілерге қажет, себебі тендерлер барысында біздің бәсекелестеріміз көбінесе жиһазды Ресейден жиһаз сатып алып, өз цехтарындағы бейімделген жабдықтарда жасайтындай етіп көрсететін. Олар бағаны барынша төмендетеді, сондықтан ірі жиһаз кәсіпорындары мемлекеттік тапсырыссыз қалады", - дейді Пшеничный. Бұл сертификат осындай жағдайлардың алдын алуға көмектеседі деген сенімде Пшеничный мырза.

"Надежда" тігін-трикотаж фабрикасы" ЖШС-нің өткізу және жабдықтау жөніндегі менеджері Кәмилә Байғуатова "Курсивпен" әңгімелесу барысында олардың кәсіпорны тауарлардың кең ассортиментін шығаратындығына қарамастан, мемлекеттік сатып алуларда жиі ұтылатындықтарын мойындады. Көбіне өздерінің жеке тігу цехы жоқ, бірақ тасымалданатын тоқыманы төмен бағада ұсынатындар тендердің жеңімпазы болатындығын айтып өтті.

"Үкімет тауар өндірушілердің тендерлерге қатысуын жеңілдетуді жоспарлап отыр, алайда индустриялық сертификаттарды алу көптеген қосымша жұмыстар мен шығындарға әкеледі – біз өнімнің әр түріне сертификаттар дайындап, сарапшыны тауып, оны шақыруымыз керек", – дейді Байғуатова.

Оның айтуынша, "Надежда" фабрикасы мұндай маманды таппады және ӨКП-на тігін өндірісінде он жыл жұмыс істеген өз қызметкерлерінің кандидатураларын қарастыруды ұсынбақ. Кәмилә Байғуатованың пікірінше салалық сарапшыларды  өзге қаладан емес, жергілікті жерден шақырса өндірісшілерге ыңғайлы болар еді.

 

Көзқарас:

ҚР Тәуелсіз кәсіпкерлер қауымдастығының вице-президенті Тимур Назханов: "Мемлекеттік сатып алулардағы өзге де мәселелерден басқа, оларға бір күндік фирмалар қатыса алатындығы басты проблема болып тұр. Бұл сатып алуларды ұйымдастырушылармен келісім бойынша жүргізілетіні анық. Мемлекеттік тапсырысты алып, оны басқа компанияға қосалқы мердігерге беретін тендерге қатысушыларды електен өткізу үшін осы сертификат енгізіліп отыр. Менің ойымша, мұндай сертификат – мемлекет үшін фирма қандай да бір өнімді өндірумен, жеткізумен айналысатындығын дәлелдейтін кепіл болып табылады, Адал кәсіпкерлер бұл жаңалыққа оң көзбен қарайды деп ойлаймын.

Бір ғана нәрсе - бұл жақсы идея біздің тәжірибемізде қалай жүзеге асырылатыны белгісіз. Өйткені, тауарлар мен қызметтердің жосықсыз жеткізушілері тендерлерге қатысу үшін әлі де жол тауып, тырмысып жатыр"....

 

Людмила Калашникова

Толығырақ: https://kursiv.kz/news/vlast-i-biznes/2019-07/zachem-biznesu-zko-otraslevye-eksperty

Тек Kursiv.kz-ке сілтеме жасау арқылы көшіруге болады. Барлық құқықтар қорғалған.

 

«...Отандық бизнесті барынша қолдау керек. Ал оның дамуына негізсіз тексерулермен, ақша жинаумен, рейдерлікпен кедергі келтіретіндерді қатаң жазалау қажет...»

Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзі, 15 шілді 2019 ж.

Палымбетов Б.Ә.

ҚР кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл

Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің блогы Сіздердің маған тікелей шығуға мүмкіндіктеріңіз болуы үшін құрылды және де ол біздің арамызда сындарлы сұхбаттастық орнауына ықпал етеді деп сенемін - ойларыңызды жазыңыздар, пікір бөлісіңіздер, ұсыныс жасаңыздар. Мен сіздердің барлық пікірлеріңізді міндетті түрде оқимын.

Серіктестер

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы
service.pravstat.kz
www.e-gov.kz
Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі