Жаңалықтар

17.05.2019

Ақмола облысында шенеуніктер кәсіпкермен жасалған шартты заңсыз бұзуға тырысты

118

Ақмола облысы

Ақмола облысы Кәсіпкерлер палатасының сарапшылары Қорғалжын ауданындағы шенеуніктердің заңсыз іс-әрекеттерінің жолын дер кезінде кесті. Бұл туралы atameken.kz хабарлайды.

2018 жылдың ақпан айында Қорғалжын аудандық білім беру бөлімі өзінің интернет-ресурсында орта білім беру мекемелерінің оқушыларын тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша конкурс өтетіндігі  туралы хабарландыру жариялады. ЖК "Еснур" айдың соңына дейін конкурсқа қатысуға өтінім берді. Қорытынды хаттамаға сәйкес, кәсіпкердің өтінімі конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес деп танылды. 1 наурызда тараптар Қорғалжын ауылының мектептерінде тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша тиісті келісім-шарт жасасты.

Шартты орындау мерзімінде ЖК "Еснур" өз міндеттемелерін адал орындады. Мемлекеттік орган тарапынан оның атына ескертулер түскен жоқ, орындалған жұмыстардың қол қойылған актілері мен мектептен алынған анықтамалар оған дәлел бола алады.

Алайда, 2018 жылдың қазан айында білім беру бөлімі ЖК "Еснұрдың" атына ішкі мемлекеттік аудит органдарының нұсқамасын қоса бере отырып, шартты бұзу туралы хабарлама жіберді. Білім беру бөлімінің аудиторларға ЖК "Еснұрға" конкурсқа қатысуға қатысты өтінімді мемлекеттік тілде ұсынбауы, сондай-ақ конкурстың барлық лоттарына бір өтінім беруі ұйғарымға негіз болды.

Істі қарау барысында өңірлік палата сарапшылары кәсіпкер конкурстың әрбір лоты бойынша жеке, мемлекеттік және орыс тілдерінде өтінім бергенін анықтады. Мұны өтінімдерді тіркеу журналы мен өтінімдер дәлелдейді, ал олардың көшірмесін ӨКП сарапшылары аудиторларға жіберді.

Кейіннен, өзінің жазбаша жауабында білім беру бөлімі құжаттардың болғандығын, ал жіберілген қателікке жұмыстан шығып кеткен қызметкердің өз жұмысына салғырт қарағандығы себеп болғандығын алға тартты.

"Жоғарыда аталған негіздер заңсыз және жарамсыз болып табылады, өйткені конкурсқа қатысуға өтінімдерді ЖК "Еснұр" заңнама талаптарына сәйкес уақытында берді. Білім беру бөлімінің аудиторларға қажетті құжаттарды ұсынбағандығы шартты бұзу үшін негіз болып табылмайды", - дейді ӨКП әкімшілік кедергілерді төмендету және кәсіпкерлер құқығын қорғау бөлімінің сарапшысы Ақылбек Смағұлов.

Қазіргі уақытта Ақмола облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының ұйғарымымен осы іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды.

Ақмола облысы Кәсіпкерлер палатасына ЖК "Еснұрдан" алғыс хат келіп түсті. "Палата сарапшыларының уақтылы араласуының арқасында мемлекеттік мекеме бізбен жасалған келісім - шартты бұзбады, сонымен қатар көрсетілген қызметтердің ақысын толық төледі", - делінген хатта.

«...Отандық бизнесті барынша қолдау керек. Ал оның дамуына негізсіз тексерулермен, ақша жинаумен, рейдерлікпен кедергі келтіретіндерді қатаң жазалау қажет...»

Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзі,
15 шілде 2019 ж.

Жүрсінов Р.М.

ҚР кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл

Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің блогы Сіздердің маған тікелей шығуға мүмкіндіктеріңіз болуы үшін құрылды және де ол біздің арамызда сындарлы сұхбаттастық орнауына ықпал етеді деп сенемін - ойларыңызды жазыңыздар, пікір бөлісіңіздер, ұсыныс жасаңыздар. Мен сіздердің барлық пікірлеріңізді міндетті түрде оқимын.

Серіктестер

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы
service.pravstat.kz
www.e-gov.kz
Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі