Жаңалықтар

20.02.2019

Салықтық рақымшылық: кәсіпкерлер үшін қандай сомаға рақымшылық жасалды

357

Қазақстандық  кәсіпкерлер үшін салықтық  рақымшылық қалай өтіп жатыр

Кәсіпкерлерге жасалған салықтық рақымшылықтың алғашқы нәтижелері туралы  Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады, деп жазады Sputnik Kazakhstan.

968 салық төлеушінің 20,4 миллион теңге (54 мың доллар) сомасындағы өсімақысына кешірім жасалды.

29 мыңнан астам салық төлеуші бересі сомасын, яғни, 2018 жылдың 1 қазанында төленуі тиіс, бірақ уақытында төленбеген салықтарды төледі. Жалпы сомасы 6 миллиард теңгені (15,8 миллион доллар) құрады.

Кәсіпкерлер үшін қандай мөлшердегі қаражатқа кешірім жасалмақ

Салық төлеушілердің 1,1 миллиард теңге (2,9 миллион доллар) сомасындағы өсімақы және 200 миллион теңге (529 мың доллар) сомасындағы айыппұлдары есептен шығарылуы тиіс.

Кімнің қарызы есептен шығарылады

Алдын ала есептеу бойынша, рақымшылық жасау орта және шағын бизнестің 90 077 субъектісіне қатысты болады. Олардың 2018 жылдың 1 қазанына 340,6 миллиард теңге (901 миллион доллар) көлемінде салық берешегі бар.

Қарызды есептен шығарту үшін кімге жүгіну қажет

Бизнесмендерге Мемлекеттік кіріс органдарына барудың қажеті жоқ. Өсімпұлдар және айыппұлдар салық төлеушінің өтінішінсіз есептен шығарылады.

Салық төлеуді кейінге қалдырған (бөліп төлеу) немесе оңалту рәсімінде тұрған қазақстандықтар үшін басқа жағдай көзделген.

Жеке тұлғалар үшін салықтық рақымшылық жасау

Президент Нұрсұлтан Назарбаев кәсіпкерлер мен жеке тұлғалар үшін салықтық рақымшылық жасауды тапсырды.

Борышкер жеке тұлғалардаң үштен бірі негізгі қарыз сомасын төледі. Төленген берешек сомасы 5,9 миллиард теңгені (15,6 миллион доллар) құрады.

«...Отандық бизнесті барынша қолдау керек. Ал оның дамуына негізсіз тексерулермен, ақша жинаумен, рейдерлікпен кедергі келтіретіндерді қатаң жазалау қажет...»

Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзі,
15 шілде 2019 ж.

Жүрсінов Р.М.

ҚР кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл

Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің блогы Сіздердің маған тікелей шығуға мүмкіндіктеріңіз болуы үшін құрылды және де ол біздің арамызда сындарлы сұхбаттастық орнауына ықпал етеді деп сенемін - ойларыңызды жазыңыздар, пікір бөлісіңіздер, ұсыныс жасаңыздар. Мен сіздердің барлық пікірлеріңізді міндетті түрде оқимын.

Серіктестер

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы
service.pravstat.kz
www.e-gov.kz
Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі