Жаңалықтар

09.10.2018

Бизнеске не кедергі

175

Фото ашық көздерден алынды

Бизнес пен мемлекеттік басқару өкілдері сараптама тобының отырысын өткізді. Отырыс барысында 37 жүйелік мәселе көтерілді.

ҚР ҰЭМ алаңында сараптамалық топтың отырысы барысында кәсіпкерлік қызметті реттеудің жүйелі мәселелері көтерілді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Кездесу ҚР ҰЭМ Кәсіпкерлікті дамыту департаментінің директоры Асланбек Жақыповтың төрағалығымен өтті.

Аталған отырыстарда бизнес – қауымдастық атынан «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бастамашылық еткен бақылау (сәйкестендіру) белгілерін таңбалау және кәсіпкерлік қызметті реттеудің 37 жүйелік проблемасы қаралды.

Осылайша, сараптамалық топ отырыстарының аясында жүйелік проблемалардың 70% - ға жуығын шешу бойынша шаралар мен ұсыныстар әзірленді.

Атап айтқанда, осындай мәселелерді шешуге бағытталған шаралар қабылданды:

  • мемлекеттік сатып алу туралы шарттың болмашы бұзылуына байланысты мемлекеттік сатып алуға қатысушыларды жосықсыз деп тану және кейін оларды тізілімге енгізу;
  • кәсіпкерлердің көп қабатты тұрғын үйлерде салынған цокольдық қабаттары мен жертөле үй-жайларында қоғамдық тамақтану объектілерін орналастыру құқығын шектеу;
  • ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру қызметтерінің құнын субсидиялау қағидалары, субсидия мөлшерінің өзгеруі;
  • кеме қатынасы туралы шарт. ЕЭО-қа мүше мемлекеттердің ішкі су жолдары бойынша (Қара теңізге құятын Волгодон арнасы) кемелердің хабарлау негізінде транзиттік өтуін қамтамасыз ету;
  • ЕЭО-қа мүше мемлекеттердің ішкі су жолдары бойынша кемелердің транзиттік өтуі (келісу рәсімдері аяқталды) және т. б.

Сонымен қатар, мысалы, егер құрылтайшы (жеке тұлға және (немесе) заңды тұлға), заңды тұлғаның басшысы, заңды тұлғаны құрған заңды тұлғаның құрылтайшысы және (немесе) басшысы атқарушылық құжат бойынша борышкер болып табылған жағдайда, сондай-ақ орындалған жұмыстар үшін ақы төлеу мерзімдерін азайту және заңды тұлғаны қайта тіркеу нормаларын алып тастау бойынша мемлекеттік органдарға және «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасына ұсыныстар әзірленді, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу бойынша шарттың орындалуын 30 күнтізбелік күннен 20 күнтізбелік күнге дейін қамтамасыз етуді енгізуді реттейтін нормативтік құқықтық актілер де әзірленді.

«...Отандық бизнесті барынша қолдау керек. Ал оның дамуына негізсіз тексерулермен, ақша жинаумен, рейдерлікпен кедергі келтіретіндерді қатаң жазалау қажет...»

Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзі,
15 шілде 2019 ж.

Жүрсінов Р.М.

ҚР кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл

Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің блогы Сіздердің маған тікелей шығуға мүмкіндіктеріңіз болуы үшін құрылды және де ол біздің арамызда сындарлы сұхбаттастық орнауына ықпал етеді деп сенемін - ойларыңызды жазыңыздар, пікір бөлісіңіздер, ұсыныс жасаңыздар. Мен сіздердің барлық пікірлеріңізді міндетті түрде оқимын.

Серіктестер

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы
service.pravstat.kz
www.e-gov.kz
Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі