Жаңалықтар

14.08.2018

Заңсыздыққа жол берілмеді

335

Бизнес-омбудсмен кәсіпкерлердің құқықтарын қорғады

Атырау қаласында Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Болат Палымбетовтың жеке қабылдауы барысында «Асель» ЖШС оған күшіне енген сот шешімін қайта қарауға көмек көрсетуін сұрап жүгінді.

2000 жылы Атырау облысы әкімдігінің қаулысымен «Асель» ЖШС-не Атырау қаласының Ақжар ауылында орналасқан жалпы ауданы 144,8 гектарды құрайтын жер учаскесіне тұрақты жер пайдалану құқығы берілді, жер телімі қосалқы шаруашылық ретінде пайдалануға арналған.

Кейіннен, 2003 жылғы 25 желтоқсандағы әкімдіктің қаулысы мен сатып алу-сату шарты негізінде аталған жер телімі «Асель» ЖШС-іне жеке меншік құқығымен берілді.

Алайда 2017 жылы «Атырау қаласы әкімдігінің әкімшілігі» мемлекеттік мекемесі сотқа әкімнің шешімі заңсыз, сатып алу-сату шарты жарамсыз деп танылсын деген талап-арызбен жүгінді.

Атырау облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен «Атырау қаласы әкімдігінің әкімшілігі» мемлекеттік мекемесінің талаптарын қанағаттандырудан талап қою мерзімінің аяқталуына байланысты бас тартылды.

Бірақ «Атырау қаласы әкімдігінің әкімшілігі» мемлекеттік мекемесі бірінші сатыдағы сот шешімімен келіспеді және облыстық сотқа апелляциялық шағым берді. Нәтижесінде бірінші сатыдағы соттың шешімі жойылып, талаптарды қанағаттандыру туралы жаңа шешім қабылданды. Яғни, апелляциялық сатыдағы сот кәсіпкердің жерді сатып алуы заңсыз деп таныды.

10 жылдан астам уақыттан бері осы жерде жұмыс істеп келе жатқан және осы іске бар күші мен қаражатын салған кәсіпкерлер бизнес-омбудсменге сот шешімін қайта қарауға көмектесуін сұрап жүгінген болатын.

Нәтижесінде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық істер бойынша Жоғарғы Сотының шешiмi бойынша Атырау облыстық сотының «Атырау қалалық әкiмдiгi әкімшілігі» мемлекеттiк мекемесiнiң талаптарын қанағаттандыру туралы шешiмi күшiн жойды және шағымдарды қанағаттандырудан бас тарту туралы бірінші сот шешімі күшіне енді.

Осылайша, кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделері толығымен қорғалды.

Фото: интернетттен алынды

«...Отандық бизнесті барынша қолдау керек. Ал оның дамуына негізсіз тексерулермен, ақша жинаумен, рейдерлікпен кедергі келтіретіндерді қатаң жазалау қажет...»

Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзі,
15 шілде 2019 ж.

Жүрсінов Р.М.

ҚР кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл

Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің блогы Сіздердің маған тікелей шығуға мүмкіндіктеріңіз болуы үшін құрылды және де ол біздің арамызда сындарлы сұхбаттастық орнауына ықпал етеді деп сенемін - ойларыңызды жазыңыздар, пікір бөлісіңіздер, ұсыныс жасаңыздар. Мен сіздердің барлық пікірлеріңізді міндетті түрде оқимын.

Серіктестер

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы
service.pravstat.kz
www.e-gov.kz
Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі