Жаңалықтар

14.06.2018

«Атамекен» бес жылда кәсіпкерлердің 111 млрд теңге сомасындағы мүліктік құқығын қорғады

294

www.24.kz

Бес жыл ішінде Ұлттық кәсіпкерлер палатасына кәсіпкерлерден 23 мыңнан астам өтініш келіп түсті, олардың 40 пайызы оң шешімін тапты.

Кәсіпкерлердің 111 миллиард теңгеден астам сомадағы мүліктік құқығы қорғалды. «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мемлекеттік органдардың бақылау және қадағалау саласында екі ауқымды реформаны жүзеге асырды. Өткен жылы ғана 540 функцияның 137-і алынып тасталды, Ұлттық палатаның бастамасымен Қылмыстық кодекстен «Жалған кәсіпкерлік туралы» бап алынып тасталды. Павлодар кәсіпкерлерімен кездескен Тимур Құлыбаев жұмыстың басым бағыттарына тоқталды.

 Қазіргі уақытта Ұлттық палата мемлекеттік-жеке меншік әріптестік механизмі бойынша жобаларды іске асыруға кірісті. Жалпы құны 32 млрд. теңгеден асатын 64 жоба құрылды. Олардың 11-і бойынша қазірдің өзінде келісімшарттар жасалды. Сонымен қатар, палата «Бастау» бағдарламасымен жаңа ашылып жатқан кәсіпкерлікті қаржыландыру бойынша жұмысты күшейте түсті.

 Жігер Әзбергенов, «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа Төрағасының ресми өкілі:

- 15 мың адам «Бастау» жобасы бойынша оқытылды. 3 мыңнан астам адам өз жоспарларын іске асырып, қаржыландыруға қол жеткізді. Осылайша, олар өздерін ғана жұмыспен қамтып қоймай, өз отбасыларын, туыстарын және басқа да ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтыды. Бұл жұмыс Елбасының қолдауына ие болды. Шамамен 20 млрд. теңге қосымша қаржы бөлінді, биылғы жылы «Бастау» жобасы бойынша 30 мың адамды оқыту жоспарланып отыр, еліміздің 160 ауданы қамтылатын болды.

Ақпарат көзі: http://24.kz/ru/news/economyc/item/246861-npp-rk-atameken-zashchishcheny-imushchestvennye-prava-predprinimatelej-na-111-mlrd-tenge

«...Отандық бизнесті барынша қолдау керек. Ал оның дамуына негізсіз тексерулермен, ақша жинаумен, рейдерлікпен кедергі келтіретіндерді қатаң жазалау қажет...»

Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзі,
15 шілде 2019 ж.

Жүрсінов Р.М.

ҚР кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл

Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің блогы Сіздердің маған тікелей шығуға мүмкіндіктеріңіз болуы үшін құрылды және де ол біздің арамызда сындарлы сұхбаттастық орнауына ықпал етеді деп сенемін - ойларыңызды жазыңыздар, пікір бөлісіңіздер, ұсыныс жасаңыздар. Мен сіздердің барлық пікірлеріңізді міндетті түрде оқимын.

Серіктестер

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы
service.pravstat.kz
www.e-gov.kz
Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі