Жаңалықтар

15.12.2017

Бизнес-омбудсмен мемлекеттік орган өкілдерін марапаттады

592

Мемлекеттік орган өкілдеріне «Атамекен» ҚР ҰКП медальдары мен құрмет грамоталары табыс етілді.

Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Болат Палымбетов мемлекеттік орган өкілдерін Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

Бизнес-омбудсмен кәсіпкерлердің құқығын қорғау саласында жыл бойына ерең еңбек етіп, белсенділігімен танылған қызметкерлерді марапаттады.

«Ел тәуелсіздігі мерекесі қарсаңында барлық отандастарымызды осындай айтулы  күнмен құттықтаймын. Кәсіпкерлерді қолдап, бизнесті дамыту жолында жасап жатқан жұмыстарыңыз үшін «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Төралқасы атынан баршаңызға алғыс білдіремін», – деді Болат Палымбетов.

 

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының қызметкері Ержан Ералиев және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Департамент директоры Салауат Мүксімов «Ісіне адалдығы үшін» медалімен марапатталды.

ҚР Бас прокуратурасының қызметкері Жанат Элиманов, ҚР Әділет министрлігінің Департамент директорының орынбасары Еркін Балтабаев, ҚР Әділет министрлігінің Департамент директорының орынбасары Назкен Жамалдина, ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Басқарма басшысы Тілеулес Мухсинова, ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Басқарма басшысы Ельмира Нуркишева, ҚР Әділет министрлігінің Заң шығару институтының Жетекші ғылыми қызметкері Баян Парманқұлова ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Құрмет грамотасымен марапатталды.

Сондай-ақ, Ұлттық экономика министрлігінің Кәсіпкерлікті дамыту департаментінің Бас сарапшысы Жарас Сұлтанбеков және Қорғаныс министрлігінің Заң департаментінің аға офицері Елдос Бертисов Алғыс хаттар иеленді.

«...Отандық бизнесті барынша қолдау керек. Ал оның дамуына негізсіз тексерулермен, ақша жинаумен, рейдерлікпен кедергі келтіретіндерді қатаң жазалау қажет...»

Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзі,
15 шілде 2019 ж.

Жүрсінов Р.М.

ҚР кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл

Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің блогы Сіздердің маған тікелей шығуға мүмкіндіктеріңіз болуы үшін құрылды және де ол біздің арамызда сындарлы сұхбаттастық орнауына ықпал етеді деп сенемін - ойларыңызды жазыңыздар, пікір бөлісіңіздер, ұсыныс жасаңыздар. Мен сіздердің барлық пікірлеріңізді міндетті түрде оқимын.

Серіктестер

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы
service.pravstat.kz
www.e-gov.kz
Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі