Жаңалықтар

05.12.2017

ҚР Президенті жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның құрамы өзгертілді

559

Комиссияға Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Болат Палымбетов енгізілді

ҚР Президенті жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның құрамы өзгертілгендігі жөнінде ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова мәлім етті, - деп, хабарлайды Қазақпарат.

«Жұмысымызды бастамас бұрын комиссияның құрамы өзгергенін ескерткім келеді. Қазан айында Ерімбетов Нұрлан Кенжебекұлы басқа қызметке ауысып кетті. Осыған байланысты комиссия құрамына Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Болат Палымбетов кірді», - деп, түсіндірді Г. Әбдіқалықова.

Комиссия 2002 жылы құрылды және Елбасы жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

Болат Палымбетов 1961 жылы 28 шілдеде дүниеге келген. Әр жылдары басшылық қызметтер атқарған. Атырау облысы әкімінің орынбасары, Маңғыстау облысының әкімі, ҚР Экономика және сауда вице-министрі, «Қазтрансойл» ЖАҚ-ның бас директоры, «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ-ның басқарма төрағасы қызметтерін атқарды. 2016 жылдың 21 ақпанынан бастап Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл қызметін атқаруда.

«...Отандық бизнесті барынша қолдау керек. Ал оның дамуына негізсіз тексерулермен, ақша жинаумен, рейдерлікпен кедергі келтіретіндерді қатаң жазалау қажет...»

Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзі,
15 шілде 2019 ж.

Жүрсінов Р.М.

ҚР кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл

Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің блогы Сіздердің маған тікелей шығуға мүмкіндіктеріңіз болуы үшін құрылды және де ол біздің арамызда сындарлы сұхбаттастық орнауына ықпал етеді деп сенемін - ойларыңызды жазыңыздар, пікір бөлісіңіздер, ұсыныс жасаңыздар. Мен сіздердің барлық пікірлеріңізді міндетті түрде оқимын.

Серіктестер

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы
service.pravstat.kz
www.e-gov.kz
Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі