Жаңалықтар

12.10.2017

Жаза қылмыстың ауырлығына мөлшерлес болуы тиіс

451

Ақмола облысы

Өңірлік кәсіпкерлер палатасы құқықтық блогының сарапшылары кезекті рет кәсіпкерге бизнесін сақтап қалуға көмектесті.

Өз құқықтарын қорғау үшін «Golden Energi corp» Палатаға жүгінді. Облыстық жер қатынастары басқармасы бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасы жұмыс басталғанға дейін әкелінбегендігін сылтау етіп, компанияны жер телімін жалға алу туралы келісім шартты бұзамыз деп қорқытқан.

Компанияға жерді әкімдік 2015 жылы 15 жылға жалға берген. Кәсіпорын құрылыспен және жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын объектілерге қызмет көрсетумен айналысады, сондықтан да оның қызметі тікелей инновациялық жобаларды дамытумен байланысты. Өндіріс орналасқан жердің жалпы көлемі, пайдаланылмайтын 259 га жерді қоса есептегенде, шамамен 400 гектар.

Шын мәнінде, шарттың талаптарына сәйкес, кәсіпорын белгіленген мерзімде талап етілген жобаны ұсынуға міндетті еді. Алайда «Golden Energi corp» ЖШС-нің меншік иесі өзгеруіне байланысты құжаттарды уақытында тапсыру мүмкін болмаған. Дегенмен, компания өз міндеттерінен бас тартпай, бірден жобаны құруға кіріскен.

«Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы» заңға сәйкес мемлекеттік реттеу осы саладағы объектілерді салу мен пайдалануды іске асыруды қолдайтындығын айта кету керек.

Сонымен қатар, Кәсіпкерлік кодекстің 16-бабында кәсіпкерлікті дамытуды ынталандыру мақсатында мемлекет бүгінгі таңда кәсіпкерлік бастаманы іске асыру үшін құқықтық, экономикалық, әлеуметтік қолайлы жағдай тудыруға бағытталған біршама іс-шаралар кешені жүргізіліп жатқандығы айтылады.

«Жалға алу туралы шартты бұзу әрекеттері асығыс жасалған. Ал кәсіпкер үшін бұл үлкен қауіп тудырады. Тек қолда бар қарызды төлеу мүмкіндігінің жоқтығымен ғана емес, әрі қарай бизнестің дамуы да осыған байланысты. Сонымен қатар КК-нің 13-бабына құқық бұзушылықтың алдын алу және кәсіпкерлік субъектісінің заңнама талаптарын орындауға дайын болуы кәсіпкерлік қызметті атқару кезіндегі мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын қолдану алдында басым болып тұр. Әрі бұл шаралар құқық бұзушылықтың сипаты мен ауырлығына сай болуы керек»,  - дейді кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және әкімшілік кедергілерді азайту бөлімінің сарапшысы Эльмира Жармұхамедова.

Сотта бұл дәлелдер ескерілді. Мемлекеттік органның талабын ішінара қанағаттандырды. Компания жер телімінің негізгі алаңын сақтап қалды. Тек пайдаланылмайтын жер теліміне қатысты келісім-шарттың күші жойылды.

Толығырақ: www.atameken.kz

«...Отандық бизнесті барынша қолдау керек. Ал оның дамуына негізсіз тексерулермен, ақша жинаумен, рейдерлікпен кедергі келтіретіндерді қатаң жазалау қажет...»

Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзі,
15 шілде 2019 ж.

Жүрсінов Р.М.

ҚР кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл

Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің блогы Сіздердің маған тікелей шығуға мүмкіндіктеріңіз болуы үшін құрылды және де ол біздің арамызда сындарлы сұхбаттастық орнауына ықпал етеді деп сенемін - ойларыңызды жазыңыздар, пікір бөлісіңіздер, ұсыныс жасаңыздар. Мен сіздердің барлық пікірлеріңізді міндетті түрде оқимын.

Серіктестер

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы
service.pravstat.kz
www.e-gov.kz
Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі