Жаңалықтар

03.08.2017

СЭБ саласы талаптарындағы сыбайлас жемқорлық қаупі

940

Ветеринарлық және санитарлық-эпидемиологиялық бақылау қызметіндегі сыбайлас жемқорлық қаупін Ұлттық палата мен Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің өкілдері талқылады.

3 тамыз күні ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде ветеринарлық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау саласындағы сыбайлас жемқорлық қауіптері мен қоғамдық мониторингтің қорытындысын шығару мақсатында кеңес өткізілді. Кеңеске «Атамекен» ҚР ҰКП-ның басқарма төрағасының орынбасары Рүстем Жүрсінов,  Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Алик Шпекбаев, мүдделі мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің және бизнес-қауымдастықтардың өкілдері қатысты

Алик Шпекбаев отырысты аша отырып, Қазақстан Doing Business – 2017 халықаралық рейтингінде 35 орынды иеленіп, іскерлік ортаны жақсарту үшін теңдессіз шаралар қабылдағанын айтып өтті. Дегенмен, сауалнама нәтижелері бойынша компаниялардың айтарлықтай бөлігі бұрынғыша әкімшілік кедергілер мен сыбайлас жемқорлық қаупін бизнес жүргізуге айтарлықтай кедергі келтіреді деп ойлайды екен.

«Бірінші кезекте, бұл нұсқамалар мен әкімшілік рәсімдерде көрсетілген орындалуы мүмкін емес талаптармен байланысты. Ветеринарлық және санитарлық-эпидемиологиялық бақылау осылардың қатарына жатады. Бұған «Атамекеннің» тапсырысы бойынша экономикалық зерттеулер институты жүргізген «Іскерлік климат – 2016» әлеуметтік сауалнаманың нәтижелері дәлел бола алады. Оның қорытындысы бойынша, СЭБ сыбайлас жемқорлық жүйесінің жоғары деңгейі байқалатын үш мемллекеттік органдар қатарына кірген», - деп, атап өтті Агенттік төрағасының орынбасары.

Кеңес барысында Рүстем Жүрсінов ветеринарлық бақылауға қарсы 5 тезисті атап  өтті. Біріншіден, заңнаманың жетілмегендігі. Мемлекеттік қызметкерлерге субъективті ойлау негізінде кейбір рәсімдерді орнатуға мүмкіндік беретін дискретті нормалардың саны жетерлік. Сонымен қатар, мерзімдер де анық көрсетілмеген.

Атап айтқанда, Басқарма Төрағасының орынбасары ветеринариялық және фитосанитариялық сертификат беруге тоқталды. Қазіргі уақытта ветеринариялық сертификатты беру, үш жұмыс күні ішінде іске асырылса, фитосанитариялық бес күн уақыт алады.

«Уақытты ең көп алатын рәсім ол мемлекеттік-ветеринарлық инспектордың орны ауыстырылуы тиіс объекті мен мен көлік құралын қарап, бағалау. Оған екі күн уақыт жұмсалады. Мұны екі күнге созудың қажеті қанша? Әрине, кез-келген кәсіпкердің, егер ол  АӨК субъектісі болса, тауары тез  бұзылатыны анық. Сондықтан да олар мәселені басқа, оңай жолмен шешуге тырысатыны сөзсіз.  Ветеринарлық зертханаларда сараптама жүргізу де айтарлықтай күрделі мәселе болып тұр. Өйткені ветеринарлық сертификат өнімге жасалған сараптама актісіне сәйкес берілетін болғандықтан, 7 күн уақыт кетеді, бұған сертификат беру уақытын  - 3 күнді қосыңыз. Бұл мәселе тоңазытылған ет мысалында айқын көрінеді. Ол 0-ден +4 градус аралығында 12 тәулік салқындатылады. Бұл өте үлкен тәуекелге әкелері сөзсіз. Сондықтан да етті мұздатуға тура келеді, бұдан кейін, әрине, баға да мүлде басқа болмақ. Бұл рәсімдер экспортқа келгенде айтарлықтай қиындықтар туғызуда», - деді Рүстем Жүрсінов.

«Атамекеннің» басқарма төрағасының орынбасары осы мәселеде туындаған «тар жолға» баса назар аудару керектігін ескертті. Неге осы қызмет түрін импорттау тәрізді аутсорсингке бермеске. Біздің еліміздің саясаты экспортқа шығуды барынша ынталандыруы қажет.

Іс-шара барысында ветеринариялық-санитариялық саласында мамандандырылған кадрлардың жетіспеушілігі де айтылды.

 Айта кету керек, ветеринариялық анықтама алу ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін, әсіресе, мал сою алаңдары жоқ тұлғалар үшін күрделі мәселе болып тұр. Өйткені оларсыз ет өнімдерін өткізу мүмкін емес. Мысалы Қарқаралы ауданында 29 мал сою алаңы болған еді, 2017 жылы оның 20-сы пайдалануға жарамсыз деп танылды. Өйткені олар ҚР ауыл шаруашылығы Министрлігі қабылдаған жаңа талаптарға (ҚР АШМ бұйрығы 6 сәуір 2015 жылғы №7-1/418) сәйкес келмейді. 

Ветеринарлық анықтама мемлекеттік қызмет ретінде жұмыс күндері  сағат 9-дан 18-ге дейін ғана беріледі, ал жазда ет өнімдерін сақтау мақсатында мал сою кешкі немесе түнгі уақытта іске асырылады, кейде демалыс күндері. Бұл үшін кәсіпкер ветеринарлық дәрігермен өткен күнді көрсетіп анықтама беруін сұрап, келіседі.

Мысалы СҚО Өңірлік кәсіпкерлер палатасы мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау саласында өткізген мониторингі Тұтынушылардың құқығын қорғау департаменті мен «Ұлттық сараптау орталығы» РМК-нің екі филиалының жұмысын қамтыды. Жалпы облыс бойынша департамент және оның басқармалары 16 жыл ішінде мыңжарымнан (1557) астам  тексеру жүргізген, оның 84% шағын кәсіпкерлікке қатысты. Нәтижелері бойынша 759 нұсқама берілген, оның 114-і өнім қауіпсіздігі мониторингі шеңберінде (тауар сатып алу арқылы)

2016 жылы кәсіпкерлік субъектілеріне барлығы 756 айыппұл салынып, өндірілді. Жүргізілген талдау нәтижесінде белгіленген саладағы бизнес-қауымдастықтардың проблемалық мәселелері анықталды.

Өнімді сатып алу саласында 100 тексеру жүргізіліп, нәтижесінде 44 кәсіпкер өнім құжаттарында ұсынылған  ұйғарымдарды орындамағаны үшін  сомасы 10 миллоннан астам қаржыны құрайтын әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Кеңеске қатысушылар сыбайлас жемқорлықтың төмендегідей қауіптерін анықтады:

  1. СЭС саласын реттейтін нормативтік құқықтық актілер арасындағы қарама-қайшылықтар мен олқылықтар:
  2. тексеру нәтижесі бойынша нұсқамаларда көрсетілген заң бұзушылықтарды жоюдың нақты мерзімдерінің болмауы:
  3. орындалуы мүмкін емес міндетті талаптар мен әкімшілік рәсімдерді талап ету (ұсыну):
  4. тексеру парақтарында тексерілетін объект қызметінің сипаттамасы мен ерекшелігін нақты ажыратудың болмауы (теміржол, су, әуе, сумен жабдықтау объектілері және т. б.).

Кеңес қорытындысы бойынша, 55% нормативтік актілердегі сыбайлас жемқорлық қаупін жоюға, ал 45 % ұйымдық-басқару қызметіне бағытталғын 49 ұсыным таңдалды.

Толығырақ: http://palata.kz

«...Отандық бизнесті барынша қолдау керек. Ал оның дамуына негізсіз тексерулермен, ақша жинаумен, рейдерлікпен кедергі келтіретіндерді қатаң жазалау қажет...»

Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзі,
15 шілде 2019 ж.

Жүрсінов Р.М.

ҚР кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл

Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің блогы Сіздердің маған тікелей шығуға мүмкіндіктеріңіз болуы үшін құрылды және де ол біздің арамызда сындарлы сұхбаттастық орнауына ықпал етеді деп сенемін - ойларыңызды жазыңыздар, пікір бөлісіңіздер, ұсыныс жасаңыздар. Мен сіздердің барлық пікірлеріңізді міндетті түрде оқимын.

Серіктестер

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы
service.pravstat.kz
www.e-gov.kz
Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі