Жаңалықтар

28.07.2017

Облыстың бизнес-қауымдастығы «Жалған кәсіпкерлік» туралы баптың жойылуын қолдады

1023

Огни Алатау 82 (17307) / 25.07.2017

Шілде айының басында ҚР Президенті «Құқық қорғау жүйесін жетілдіру бойынша кейбір заңнама актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды. Ол экономикалық құқық бұзушылықта жазалау шараларын ізгілендіруді көздейді.

 Басты жаңалық Қылмыстық кодекстен жалған кәсіпкерлік туралы баптың алынып тасталуы болды. Бизнес-қауымдастықтың пікірінше, бұл шара кәсіпкерлікті қолдаудағы үлкен жүйелік қадам болып табылады.

«Менің ойымша, бұл елбасы тарапынан болған зор қолдау, ол бұрын да заңнаманы ізгілендіріп, бақылау-қадағалау функцияларына тексеру жүргізуді тапсырған болатын. «Атамекен» осы міндетті орындады. Сарапшылық және бизнес-қауымдастық командасы осы өзгертулердің енгізілуі үшін барынша тер төккендерін білеміз. Кәсіпкерлермен ондаған кездесулер ұйымдастырылып, жалған кәсіпкерлік бойынша жүздеген фактілер келтірілген болатын. Орасан зор жұмыс атқарылды, дегенмен бұл бастамасы ғана. Менің ойымша, бұл - Ұлттық палатаның, бизнес-омбудсмен институтының және кәсіпкерлердің үлкен жеңісі», - деп, атап өтті Алматы облысының өңірлік кәсіпкерлер палатасы кеңесінің төрайымы Римма Салықова.

Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесінің төрағасы Баниямин Файзулиннің пікірінше, жалған кәсіпкерлік туралы баптың алынып тасталуы кәсіпкерлер кінәсінің анық-қанығына жетуге тосқауыл қойды.

«Жалған кәсіпкерлік туралы бап тек елеулі әкімшілік кедергі болып қана қоймай, кәсіпкерлерге іс жүргізуге барынша бөгет болды. Есепшоттарға тыйым салынып, айыппұлдар салынып, қылмыстық істер қозғалды. Әрқашан дерлік кәсіпкерді кінәлі деп санайтын. Яғни, кәсіпкерлікпен айналысатын, өзге де кәсіпкерлермен іскерлік қарым-қатынаста болған кез-келген адам осы бап бойынша кез-келген уақытта айыпталуы мүмкін болатын. Соңғы өзгертулерге байланысты жағдай жақсаруы керек», - деді ол. Және де Баниями Файзулин өз ойын былай өрбітті: «Бұл көп жылдық еңбектің нәтижесі, барлығына осы бап кәсіпкерліктің дамуына кедергі келтіретінін дәлелдеу керек болды. Дегенмен, Ұлттық палата бизнестің көмегімен бұл жағдайды шешті, әрине, ол экономикалық құқық бұзушылық үшін жазалау түрін өзгертіп, ізгілендіру керектігін дәлелдеді».

Талдықорған қаласы кәсіпкерлер кеңесінің мүшесі, «Қайсар» теміржол тұйықтары иелері қауымдастығының төрағасы Дарбек Қарабасов бапты алып тастау адал кәсіпкерлерге көрсетілген қолдау деп біледі. «Адал кәсіпкерлер есептемелерін уақытында тапсырып, салықты уақтылы төлеп отырғандығына қарамастан, кез-келген сәтте заң бұзушыға айналарлары сөзсіз еді. Бұл жағдайға келгенде, баптың алынып тасталуы бизнеске көрсетілген аса үлкен қолдау дер едім. Жалпы, бұл бұрынғы бір күндік компанияларды ашып, қаражаттарын заңдастырып алып жүрген шенеуніктердің ісі. Осылайша, олар адал кәсіпкерлерге көлеңке түсіріп келді. Осындай жағдайлардың кесірінен айлап жұмыссыз қалған бизнесмендерді білемін. Енді барлығы да басқаша болады деген ойдамын», - дейді кәсіпкер.

«...Отандық бизнесті барынша қолдау керек. Ал оның дамуына негізсіз тексерулермен, ақша жинаумен, рейдерлікпен кедергі келтіретіндерді қатаң жазалау қажет...»

Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзі,
15 шілде 2019 ж.

Жүрсінов Р.М.

ҚР кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл

Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің блогы Сіздердің маған тікелей шығуға мүмкіндіктеріңіз болуы үшін құрылды және де ол біздің арамызда сындарлы сұхбаттастық орнауына ықпал етеді деп сенемін - ойларыңызды жазыңыздар, пікір бөлісіңіздер, ұсыныс жасаңыздар. Мен сіздердің барлық пікірлеріңізді міндетті түрде оқимын.

Серіктестер

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы
service.pravstat.kz
www.e-gov.kz
Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі