Жаңалықтар

25.07.2017

Қазақстанда 2020 жылға дейін 15 жаңа аэродром пайда болады

725

ATO.ru

21 шілдеде Үшарал қаласында жаңа аэродром іске қосылды: ҚР инвестициялар және даму министрлігі

Қазақстанда 2020 жылға дейін аймақтық тасымалдаулар үшін тағы да 15 аэродром іске қосылады. Жергілікті әуе желілерін дамытудың республикалық бағдарламасы бойынша 2020 жылға дейін 11 топырақты аэродром мен 4 қатты жабыны бар аэродромды дайындау жоспарланып отыр. Олар Шардара, Бейнеу, Үлкен Нарын, және Жаркент елдімекендерінде жабдықталатын болады. Бұл туралы Today.kz порталы Қазақстанның Инвестициялар және даму министрлігіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Қазіргі уақытта елімізде 24 әуе айлағы бар. Оның ішінде 18 әуежай республикалық маңыздағы Астана, Алматы, Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Көкшетау, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Петропавл, Талдықорған, Тараз, Шымкент, Семей, Өскемен, Орал, Жезқазған сияқты қалаларда орналасқан. Облыстық маңыздағы әуе айлақтары Балқаш, Зайсан, Үржарда және Үшаралда орналасқан. Сонымен қатар, өндірістік мақсаттағы Боралдай және Теңіз аэродромдары да сертификатқа ие.

Үшаралдағы әуежай (Алматы облысы, Алматыдан 591,5 шақырым қашықтықта) 21 шілдеде ашылды. 2016 жылы құрылысы басталған әуе кеңістігінің алаңы  784 шаршы метрді құрайды. Аэродромды дайындау аясында ұзындығы 2200 метрді құрайтын ұшу-қону жолағы жөнделіп, сонымен қатар, жаңа бұру-жылжу жолы мен екі ұшаққа арналған перрон салынды. «Жетісу Авиа» әуекомпаниясы арқылы Астана мен Талдықорған бағытында тұрақты ұшу ұйымдастырылды. Сонымен қатар, әуежайдан чартерлік рейстер де жіберіледі. ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы айтып өткендей, бұл әуе айлақтың ашылуы Алакөл көліне туристердің ағылуына көп көмегін тигізеді.

«Аэровокзал құрылысын салуды, сондай-ақ, жазғы ұшу айлағының жөндеу-құрылыс жұмыстарын Алматы облысының жергілікті бюджеті қаржыландырды. Тұрақты рейстегі жолаушылар ағынының саны қандай да бір есепті кезең өткеннен кейін қалыптасады. Алдын ала көрсеткіш бойынша, әр рейсте 25 жолаушы болады деп күтілуде», - деді Қазақстанның инвестициялар және даму министрлігінде.

Ақпарат көзі: www.ato.ru

«...Отандық бизнесті барынша қолдау керек. Ал оның дамуына негізсіз тексерулермен, ақша жинаумен, рейдерлікпен кедергі келтіретіндерді қатаң жазалау қажет...»

Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзі,
15 шілде 2019 ж.

Жүрсінов Р.М.

ҚР кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл

Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің блогы Сіздердің маған тікелей шығуға мүмкіндіктеріңіз болуы үшін құрылды және де ол біздің арамызда сындарлы сұхбаттастық орнауына ықпал етеді деп сенемін - ойларыңызды жазыңыздар, пікір бөлісіңіздер, ұсыныс жасаңыздар. Мен сіздердің барлық пікірлеріңізді міндетті түрде оқимын.

Серіктестер

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы
service.pravstat.kz
www.e-gov.kz
Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі