Жаңалықтар

11.06.2017

Ресей мен Қазақстан кәсіпкерлері үшін өткізу нарықтары кеңейтіледі

374

Қостанай мен Челябинск облыстарының кәсіпкерлеріне бизнесті одан әрі дамыту үшін қосымша жағдай жасалуда.

Осы саладағы ахуалды қалай жақсартуға болады деген мәселені шекаралас жатқан екі өңірдің басшылары кездесу барысында талқылады. Ресей мен Қазақстан бизнесмендері үшін өткізу нарықтарын кеңейтіп, жаңа нарықтар табу көзделуде.

Наталья Строкова, Twitter @korr_kost:

- Челябинск облысында 130 коммерциялық кәсіпорын тіркелген, олардың құрылтайшылары - қазақстандықтар. Бұл ұйымдардың басым бөлігі агроөнеркәсіп кешені саласында, машина жасау және металлургия салаларында жұмыс істейді.

Газ және мұнай құбырларын өндіретін зауытқа жоғары технологиялық даму әлемдік деңгейдегі кәсіпорындармен бәсекеге түсуге мүмкіндік береді. Жергілікті өнімді Қазақстанда пайдалану жоспарланып отыр.

Ғани Қасымов, ҚР «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының кеңесшісі:

- Келешекте Қазақстанда газ құбырын солтүстіктен оңтүстікке тарту керек болады. Челябинск ең қысқа жол болып табылады. Тек көлік шығындары бойынша ғана құнның үштен бір бөлігін үнемдейміз.

Челябинск облысы мен Қазақстанның 2016 жылғы тауар айналымы 1,4 млрд. АҚШ долларын құрады. Оның 80% Қостанай облысына тиесілі. Шекаралас өңірлер күш-жігерлерін біріктіріп, қытай нарығына жеткізілетін өнімнің жекелеген түрлерін ұлғайтуды жоспарлап отыр.

Борис Дубровский, Челябинск облысының губернаторы:

- Бізге бәсекелестік үлгіден ынтымақтастық үлгісіне көшу керек. Біз осы бағытта жұмыс жасаймыз, өйткені бұл біз үшін әрі қарай дамуға мол мүмкіндіктер ашады.

Қостанай облысы Оңтүстік Оралға шикізат ретінде бидай жеткізіп, майлы дақылдар тұқымын алуға дайын.

Архимед Мұхамбетов, Қостанай облысының әкімі:

- Бізде күнбағыс майын қайта өңдейтін және шығаратын ірі жоба іске асырылады. Бізге шикізат қажет болады. Осы бағытта күнбағысты бірлесе отырып өсіріп, бізде өңдеп, қытай нарығына өткізуге болады.

Қазақстандық өнімді өткізуді ұлғайтудың тағы бір жолы – логистикалық сауда кешенін салу.

Анатолий Лобко, Челябинск облысының Инвестициялық даму агенттігінің директоры:

Біз логистика жағынан жақсы орналасқан учаскені ұсынып отырмыз, барлық инфрақұрылыммен жабдықталған, Қазақстан тарапынан қажетті мөлшерде инвестиция құйылатын болса, аукционсыз-ақ беруге дайынбыз.

Көрші елде өндірілетін өніммен шекаралас өңірлердің тұрғындары өткізілетін жәрмеңкелер арқылы таныса алады.

Авторлар: Наталья Строкова, Ермек Мухамедьяров, Челябинск облысы

Ақпарат көзі: www.24.kz

«...Отандық бизнесті барынша қолдау керек. Ал оның дамуына негізсіз тексерулермен, ақша жинаумен, рейдерлікпен кедергі келтіретіндерді қатаң жазалау қажет...»

Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзі,
15 шілде 2019 ж.

Жүрсінов Р.М.

ҚР кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл

Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің блогы Сіздердің маған тікелей шығуға мүмкіндіктеріңіз болуы үшін құрылды және де ол біздің арамызда сындарлы сұхбаттастық орнауына ықпал етеді деп сенемін - ойларыңызды жазыңыздар, пікір бөлісіңіздер, ұсыныс жасаңыздар. Мен сіздердің барлық пікірлеріңізді міндетті түрде оқимын.

Серіктестер

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы
service.pravstat.kz
www.e-gov.kz
Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі