Жаңалықтар

19.04.2017

Бизнесте кімнің жағдайы жақсы?

416

Надежда, Батыс Қазақстан облысы

Бизнес жүргізу бойынша БҚО 16 өңір ішінде 13 орында. БҚО прокуратура алқасының бизнес-омбудсмен Болат ПАЛЫМБЕТОВТЫҢ қатысуымен өткен отырысында айтылған әлеуметтік зерттеудің нәтижесі осындай.

«Абайлаңдар! Жұмыстан қуыласыңдар!»

Іс-шараны шенеуніктер мен коммуналдық кәсіпорын басшыларының жұмыстарын талдау десе де болғандай. БҚО әкімі Алтай КӨЛГІНОВ ерекше қаталдық көрсетті:

- Біз бизнесті дамыту саласындағы барлық өзекті мәселелерді талқылау үшін жиналдық. Облыстағы бизнес-климатты жақсарту үшін бақылау-қадағалау органдары мен жергілікті атқарушы органдар тағы да қандай жұмыс атқарулары керектігін нақты білулері керек. Шағымдардың көп бөлігі жер телімдерін бөлу мәселесіне қатысты. Әртүрлі комиссиялардың саны да жетерлік. Сондықтан да жер телімін алу үшін көптеген келісімдер тізбегінен өту керек. Бұл ретте кейбір сәттер қадағалаудан тыс қалып жатады. Жағдайды толық зерттеу мақсатында БҚО-ның «Атамекен» КП-да апта сайын кәсіпкерлерді өзім қабылдадым. Айта кетейін, көптеген мәселелердің басы ашылып, айтарлықтай жақсы қорытынды жасадым.

Анықталғандай, БҚО әкімі кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарына тексеру жүргізіп, бірталай былыққа куә болған екен. Оның айтуынша, орталыққа барған күні кіре берісте-ақ онда жер қатынастары бөлімі мен ТКШ өкілдері қатыспайтындығы белгілі болды Ал бұлай болуы тіпті дұрыс емес. Іс жүзінде мемлекеттік органдар өз бастамасы бойынша осындай орталықтарды ашуды шешкенімен, оның жұмысына барлығы дерлік қатыса бермейтін болып шықты. «ҚазТрансГазАймақ» үстінен түсіп жатқан шағым мөлшері де жеткілікті. Жер телімдерін алу кезінде бұл компанияның атқарар рөлі орасан зор, өйткені кәсіпкерлер ең алдымен электршілер мен газшылардың келісімін алулары керек.

- Басшыларыңыз қайда? – деп А. Көлгінов «ҚазТрансГаз» Аймақтың өкілдеріне қатаң сұрақ қойды.

- Оған айта барыңыз, неге ол өзі қатыспайды және неге сіздердің құрылымдарыңыз бизнеске қызмет көрсетпейді? Сосын бірге маған келіңіздер. Мен сіздерге көпшілік алдында ескерту жасап тұрмын, келесі жолы қаталырақ боламын. Осыны ескеріңіздер!

Орал қаласының және аудандардың әкімдеріне өзінен үлгі алып, апта сайын кәсіпкерлерді қабылдап тұруды тапсырды.

- Тәжірибеден көріп тұрғанымыздай, бюрократиялық жағдайды біз өзіміз жасаймыз. Заңның жедел түрде орындауға болатын талаптары бар. Алайда өкінішке орай, бұл процестің көптеген қатысушылары тиісті түрде жұмыс істемейді. Жұмысқа деген көзқарасты өзгерту керек. Бизнестің дамуына кедергі келтірген лауазымды тұлғалар қатаң жазаланатынын ескертемін. Мысалы экология департаментіндегі бір шенеунік облысымыздағы құс фабрикасын салу бойынша аса үлкен жобасына сараптама келісімін бір жарым ай бойына кешіктірген. Мемлекеттік қызметте қазір ол адам жоқ. Бизнестің дамуына кедергі келтірген әр адам осындай қатаң жазаға тартылады.

Алтай Сейдірұлы айтып өткендей, прокуратурамен бірлесіп сыбайлас жемқорлық қаупін төмендету мақсатында жұмыстар жүргізіліп жатыр. Енді Өңірлік үйлестіру кеңестерінің отырыстары онлайн режимінде өткізілетін болады. Тұрғындар мемлекет бөлген қаржының қайда жұмсалып жатқандығын біліп отырулары тиіс.

Жазықсыз жәбірлеу.

Артынша сөз кезегін БҚО прокуроры Сапарбек Нұрпейісов алды. Ол былтырғы жылы облыс прокуратура органдары кәсіпкерлердің құқығын  қорғау мақсатында 12 тексеру жұмыстарын жүргізіп, 117 заң бұзушылықты анықтады. Тәртіптік және әкімшілік жауапкершілікке 19 тұлға тартылып, 146 кәсіпкердің құқығы қорғалды. БҚО прокуроры атап өткендей, 2011 жылдан бастап бизнесті тексеру үш есеге азайды.Сонымен бірге жүргізілген тексерудің 57% нәтижесіз болып шықты.

- Нәтижесінде ешқандай заң бұзушылық анықталған жоқ, бұл дегеніміз кәсіпкерлерді жазықсыз жәбірлеу, өйткені олардың жұмыс орындары жабылып қалды, ал жасалған шарттары орындалмай ол қалды, - деп мәлімдеді С. Нұрпейісов.

Облыс прокуроры жергілікті кәсіпкерлер кездесетін басты мәселелерді атады. Олардың арасында мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік органдардағы бюрократия, жасанды әкімшілік кедергілердің құрылуы, негізсіз тексерулер, мемлекеттік қызметтің тиісінше көрсетілмеуі, сонымен қатар заңсыз әкімшілік жауапкершілікке тарту мен орындалуы мүмкін емес талаптардың қойылуы. Жағдайды жақсарту мақсатында БҚО әкімдігі мен БҚО КП-на әлеуметтік зерттеулер нәтижесін егжей-тегжейлі зерттеп, бизнес-климатты жақсарту үшін өңірлік жол картасын жасап шығару ұсынылды. Өйткені әлеуметтік зерттеу нәтижелері бойынша облысымыз бизнес жүргізу бойынша 13 орында екен, ең нашар көрсеткіш десе болғандай (16 ішінен 13).

«Бір сөзбен айтсақ, алжығанның ісі»

Өз сөзінде айтып кеткеніндей, Болат Палымбетов оған келіп түсіп жатқан шағымдарды екі бөлікке бөлген. Біріншісі - республикалық деңгейде шешілетін жүйелік мәселелер. Мысалы мемлекеттік органдардың бизнесмендерге қоятын талап саны 28000 асады, мұндай жағдайда бизнес жүргізудің қиындығына байланысты еріксіз түрде сыбайлас жемқорлыққа жол ашылады, - деді Б. Палымбетов. Оның үстіне 61 бақылау-қадағалау мекемесі бар, 41 санитарлық ереже  жұмыс істейді, онда 11943 талап бар. Саралай келе, талаптардың 9000 алып тасталды, шамамен 80%. Бизнес-омбудсменнің айтуынша осы талаптарға сүйенер болсақ, кез-келген кафені батыл түрде жаба салуға болады.

- Мысалы, неге екені белгісіз, теңізшілер макаронын дайындауға жол берілмейді екен, - деп, мысал келтірді Б. Палымбетов. – Түсініксіз, бұл тағамнан соншалықты не тапты екен? Немесе тағы... амлеттің қалыңдығы 3 сантиметрден аспауы керек... Ереже емес, алжығанның ісі дерсің!

Екінші топқа бизнес-омбудсмен өңірлік мәселелерді жатқызды. Өңірлік мәселелер өңірлік деңгейде шешілуі керек. Бұған мемлекеттік сатып алулар, құрылыс және салық мәселелері жатады. Тексеру, заң бұзушылық, қысым.

БҚО прокуроры орынбасарының міндетін атқарушы Жаннұр Ахметбек бизнесті қорғаудың өзекті мәселелеріне тоқталып өтті. Оның мәліметтері бойынша, БҚО-да 65 мемлекеттік орган бизнесті тексеріп, оған ықпал ете алады. Кәсіпкерлер көбіне СЭС, өрт сөндіруші, қазыналық органдар жүргізетін тексерулерден зардап шегеді.

Былтыр алдыңғы жылмен салыстырғанда, СЭС органдары бизнесті үш есе көп тексерді, ТЖ – 1,5 есе. Оның үстіне тексерулердің 40% жуығы нәтижесіз болып шықты. Салықтық тексерулер 1253-тен 760-қа түсті. Салықшылар жартысына жуық жағдайда адал кәсіпкерлерді мазалады. Бұл көрсетікш бұдан да жаман болуы мүмкін еді. Себебі 84 тексеруді тіркеуден бас тартылған болатын. Сөз сөйлеушінің айтуынша, негізсіз тексерулерді СЭС – 14 пен мемлекеттік еңбек инспекторлары - 17 жүргізген. Жерді пайдалануды бақылау және қорғау басқармасы 56 тексеру жүргізіп, оның 20-сы кесте жасау кезінде енгізілгендіктен босқа өтті.

- Жергілікті әкімдіктер мен бизнес өкілдерінің қарым-қатынастары тіпті біртүрлі – деп, атап өтті Ж. Ахметбек. Бюджеттің ақшасы жетпеген жерде бизнес күш салуға мәжбүр болады. Мысалы Жаңақала ауданының әкімдігі қоғамдық қор құрды. Осы қорға кәсіпкерлер қоғамдық-мәдени шараларға жұмсалатын шығындарды жабу үшін 2 млн теңгеден астам қаржы аударған. Прокуратура іске араласқан соң қордың қызметі тоқтатылды. Тасқала ауданының жергілікті атқарушы органдары жылжымайтын мүлік объектілерін өте жоғары бағамен жалға беріп, кәсіпкерлердің құқығын бұзып келген. Ал денсаулық сақтау басқармасы ұзақ уақыт бойы кәсіпкерлерге тендерге өтініштерін өткізу үшін берген 20 млн теңгені қайтармаған. 

Сөз сөйлеушінің деректері бойынша, мемлекеттік қызмет көрсету саласында да заң бұзушылыққа жол беріледі, әсіресе жергілікті атқарушы органдарда.

Мысалы, МСҚБ басқармасы мен кейбір аудандық бөлімдерінде сондай-ақ, «Жер кадастрасының ғылыми-өндірістік орталығы» департаментінде стандарттарға сәйкес келмейтін құжаттарды талап ету жағдайлары анықталған.

Сонымен қатар заңсыз шара қолдану мен әкімшілік ықпал ету де кездеседі. Осылайша Жәнібек ауданының мемлекеттік кіріс басқармасы кәсіпкерге ҚҚС бойынша өтініш беру уақытын бұзғаны үшін 16 млн теңге көлемінде айыппұл салды. Прокуратура араласқан соң айыппұл мөлшері 29000 теңгеге дейін төмендетілді. Бір қызығы, заң бұзушылық 2010 жылы болған, ал салық қызметкерлері жаңа заңның санкцияларын қолданған.

- Бизнеске негізсіз қысым жасау азаматтық сот ісін жүргізуде де қылаң беруде, - деді Ж. Ахметбек. Тек былтырғы жыл бойынша кәсіпкерлердің 16 өтініші бойынша мемлекеттік органдардың актілері мен іс-әрекеттерін сот заңсыз деп тапты.

Алқа отырысында монополистердің заңсыз іс-әрекеттері де айтылды. Мысалы, «Жайыкте-плоэнерго» кәсіпкерлерден заңнамада көрсетілмеген құжаттарды талап етіп, техникалық шарттарды беруден бас тартқан. Сонымен қатар Тасқала ауданының прокуратурасы «ҚазТрансГазАймақ» компаниясының филиалының кейбір әрекеттерінің жолын кесті. Олар кәсіпкерлерге бір ай бұрын еш негізсіз аванстық берешек пен өсімпұлды төлеу туралы хабарламалар жіберіп отырған.

Галина КАРЕНСКИХ

«...Отандық бизнесті барынша қолдау керек. Ал оның дамуына негізсіз тексерулермен, ақша жинаумен, рейдерлікпен кедергі келтіретіндерді қатаң жазалау қажет...»

Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзі,
15 шілде 2019 ж.

Жүрсінов Р.М.

ҚР кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл

Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің блогы Сіздердің маған тікелей шығуға мүмкіндіктеріңіз болуы үшін құрылды және де ол біздің арамызда сындарлы сұхбаттастық орнауына ықпал етеді деп сенемін - ойларыңызды жазыңыздар, пікір бөлісіңіздер, ұсыныс жасаңыздар. Мен сіздердің барлық пікірлеріңізді міндетті түрде оқимын.

Серіктестер

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы
service.pravstat.kz
www.e-gov.kz
Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі