Жаңалықтар

14.04.2017

Мектепке дейінгі мекемелерді дамыту мәселесі қалай шешілуде?

451

Батыс Қазақстан облысы

Батыс Қазақстан облысында мектепке дейінгі мекемелердің күрделі мәселелері талқыланды

Орал өңірінің  кәсіпкерлері, жекеменшік мектепке дейінгі мекемелердің басшылары БҚО-дағы мектепке дейінгі және орта білім берудің мемлекеттік-жекеменшік әріптестігінің қалыптасу мәселелерін талқылады. Мәселені талқылауда ерекше мән берген жағдай ҚР кәсіпкерлерінің құқығын қорғау жөніндегі уәкіл Болат Палымбетовтың қатысқаны болды.

Болат Әбілқасымұлы бұл турасында жекеменшік мектепке  дейінгі және орта мектептердің мәселесі  Батыс Қазақстан облысында ғана емес деді. Мұндай мәселелер Қазақстанның барлық өңірлерінде бар. Мемлекеттік білім беру тапсырмасы бойынша мектепке дейінгі мекемелерді жан басына шағып жоспарлау және қаржыландыру нормативінің, ата-аналардың төлеу ақысының мөлшерін белгілеудің болмауы және қолданыстағы санитарлық нормалар мен ережелер мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің жұмыс істеуі мен дамуына кедергі келтіреді. Жекеменшік мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің медициналық қызмет көрсету мәселесі және т.б.

Бизнес-омбудсмен білім беру саласында мемлекеттік-жекеменшік әріптестікте нормативтік база дұрыс жетілмегендіктен көптеген мәселелер туындайды деді.

«Кейбір мәселелерді жою мақсатында кәсіпкерлердің құқығын қорғау жөніндегі уәкілдің аппараты республикалық және өңірлік деңгейде көптеген жұмыс атқаруда», – деді Болат Палымбетов.

Бизнес-омбудсмен мысал ретінде мынаны айтып кетті – Оралдың мектепке дейінгі мекемелерімен медициналық қызмет көрсетуге шарт жасасудан бас тартқан кезде, бұл мәселе БҚО кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлыс жемқорлыққа қарсы күрес кеңесінің ақпандағы отырысында көтеріліп, талқыланғаннан кейін ғана оң шешімін тапқан еді.

Болат Палымбетов кәсіпкерлерге жекеменшік мектепке дейінгі мекемелерді дамыту мәселелерін шешу үшін қандай қадам жасалып жатқандығын айтып берді. 41 санитарлық ереже талданып, 11 543 талап бары анықталды. Осы тексерілген талаптардың 9 172-сі алынып тасталсын деп шешілді (шамамен 80%), тиісінше тек 2 371 (20%)  ғана сақталады.

Дөңгелек үстелге қатысушылар басында әріптестік жайында сөз қозғағанымен әңгіме барысында көптеген позициялар бойынша мемлекет пен бизнестің қарым-қатынасындағы шарттар теңсіздігі байқалды.

Кәсіпкерлердің құығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес кеңесінің төрағасы Хайдар Қапанов МЖӘ туралы заңның өте қажет екенін айтты. Дегенмен технологиялық бөлігіне әлі де біраз түзетулер енгізу керек.

«Заңның технологиялық бөлігіне түзетулерді тәжірибелік ескертпелерді есепке ала отырып енгізу керек. Сондықтан да, өткізілетін осындай дөңгелек үстелдер заңға түзетулер енгізерде ескертпелер мен ұсыныстар көзіне айналуы керек, – дейді Хайдар Қапанов – Тек осындай жағдайда ғана толыққанды серіктестік болады. Ал әріптестік жоқ жерде МЖӘ да жоқ».


Дереккөз: http://palata.kz/kk/news/26139

фото: Александр Куприенко  

«...Отандық бизнесті барынша қолдау керек. Ал оның дамуына негізсіз тексерулермен, ақша жинаумен, рейдерлікпен кедергі келтіретіндерді қатаң жазалау қажет...»

Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзі,
15 шілде 2019 ж.

Жүрсінов Р.М.

ҚР кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл

Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің блогы Сіздердің маған тікелей шығуға мүмкіндіктеріңіз болуы үшін құрылды және де ол біздің арамызда сындарлы сұхбаттастық орнауына ықпал етеді деп сенемін - ойларыңызды жазыңыздар, пікір бөлісіңіздер, ұсыныс жасаңыздар. Мен сіздердің барлық пікірлеріңізді міндетті түрде оқимын.

Серіктестер

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы
service.pravstat.kz
www.e-gov.kz
Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі