Жаңалықтар

04.04.2017

Сыбайлас жемқорлық қай мемлекеттік органда кең тараған?

456

2016 жылғы «Іскерлік ахуал» рейтингісінің қорытындысы бойынша Кедендік органдар, экономикалық тексеру қызметі мен көліктік бақылау сыбайлас жемқорлық кең таралған органдар деп танылды.

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы 2016 жылғы «Іскерлік ахуал» рейтингісінің қорытындысын жариялады. Зерттеу аясында кәсіпкерлер өңірлердегі сыбайлас жемқорлық деңгейіне және мемлекеттік органдарда сыбайлас жемқорлықтың таралуына баға берді. Сауалнамаға қатысушылар сыбайлас жемқорлық кең таралған органдарға кедендік органдарды, экономикалық тексеру қызметі мен көлік инспекциясын жатқызған.

Зерттеу барысында аталған мемлекеттік органдардағы жемқорлықтың орташа мөлшері анықталған. Кедендік органдарда – 12 мыңнан 486 мың теңгеге дейін, экономикалық тексеру қызметінде – 165 мыңнан 632 мың теңгеге дейін, ал көліктік бақылау органында – 85 мың теңгеден 314 мың теңгеге дейін.

Еске салсақ, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы 31 наурыз күні Орталық коммуникациялар қызметінде «Іскерлік ахуал–2016» әлеуметтік зерттеуінің қорытындысын жариялаған болатын. Зерттеу қорытындысымен «Атамекен» ҰКП сайтынынан таныса аласыздар.

Ақпарат көзі: http://palata.kz/kk/news/26019

«...Отандық бизнесті барынша қолдау керек. Ал оның дамуына негізсіз тексерулермен, ақша жинаумен, рейдерлікпен кедергі келтіретіндерді қатаң жазалау қажет...»

Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзі,
15 шілде 2019 ж.

Жүрсінов Р.М.

ҚР кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл

Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің блогы Сіздердің маған тікелей шығуға мүмкіндіктеріңіз болуы үшін құрылды және де ол біздің арамызда сындарлы сұхбаттастық орнауына ықпал етеді деп сенемін - ойларыңызды жазыңыздар, пікір бөлісіңіздер, ұсыныс жасаңыздар. Мен сіздердің барлық пікірлеріңізді міндетті түрде оқимын.

Серіктестер

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы
service.pravstat.kz
www.e-gov.kz
Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі