Жаңалықтар

16.03.2017

Сыбайлас жемқорлыққа кәсіпкерлердің көзқарасы

576

Өз ісін ашқан кез-келген кәсіпкер сыбайлас жемқорлықтың не екенін жақсы біледі

Бұл жайында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша І азаматтық бастамалардың конгресінде кәсіпкерлердің құқығын қорғау жөніндегі Уәкіл Болат Палымбетов мәлімдеді.

Бизнес-омбудсмен айтып өткендей, кәсіпкер сыбайлас жемқорлықпен өз ісін ашқан күннен-ақ бетпе-бет кездеседі, яғни, рұқсат қағаздарын рәсімдеу кезінде. Кәсіпкерлер салық заңнамасына, мемлекеттік сатып алу бойынша, жер мәселесі, сәулет, құрылыс саласы бойынша бірқатар шешілуі қиын, келелі мәселерді айтып шағымдануда. Сондай-ақ, олар қойылатын талаптардың көптігіне, орындалуы мүмкін емес, міндетті талаптарға, мемлекеттік органдардың әкімшілік рәсімдеріне наразы. Лицензия, сертификат, патент сияқты құжаттар бағасының өте жоғары болуы бизнестің дамуына айтарлықтай кедергі келтіруде.

Барлық өңірлердегі кәсіпкерлерді жер телімдерін алуға келгенде, бас жоспар жайлы ашық мәліметтердің болмауы алаңдатады. Жобаларының қаланың бас жоспары мен егжей-тегжейлі жоспарлауына сәйкес келмегендіктен, құрылыс нысандарын салып, кәсіптерін кеңейту үшін жер телімдерін ала алмай жатқандықтарын айтып шағымданады. «Мемлекеттік қызметкерлердің жауапкершілігін экономикалық тұрғыда аттыру, ерекше назар аударуды талап етеді. Мәселен, кәсіпкер заң бұзса, оған толық жауапкершілік жүктеледі, соның ішінде - қаржылық жауапкершілік. Ал кәсіпкердің кінәсіздігі анықталған кезде, тергеу барысында келтірілген зиянды ешкім өтеп бермейді. Тергеу жүргізілген алты ай ішінде, ол орасан зор шығынға батып, өз бизнесінен айрылады. Сонда кәсіпкерге шыққан шығынын кім өтеп береді? Әрбір шенеунік кәсіпкерге келтірген зияны үшін жауап беруге тиіс екендігін түсінуі керек. Яғни, олар кәсіпкерге келтірген зияны үшін, әкімшілік жауапкершілікке ғана емес, экономикалық жауапкершілікке де тартылуы керек. Сонда ғана олар өз жауапкершіліктерін сезінеді», - деді бизнес-омбудсмен өз сөзінде.

Ол осы бағытта Ұлттық кәсіпкерлер палатасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттікпен тығыз жұмыс жасап жатқандығын айтты. Еліміздің барлық өңірлерінде мемлекеттік қызмет жөніндегі агенттікпен бірлесе отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы салықтық әкімшілік етуден бастап, ветеринарлық қадағалуға дейін, 16 салада мониторингтер жүргізілді.  «Кәсіпкерлердің пікірін ескерсек, мемлкеттік тексеру талаптарын азайту керек және көбінесе біріне бірі ұқсас бақылаушы-қадағалаушы органдарды қысқарту керек», - деп, түйіндеді Болат Палымбетов.

Кәсіпкерлердің құқығын қорғау жөніндегі уәкіл аппараты сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселесі талқыланатын мемлкеттік кеңес жүргізетін органдардың жұмысына атсалысатынын атап өткен жөн.

«...Отандық бизнесті барынша қолдау керек. Ал оның дамуына негізсіз тексерулермен, ақша жинаумен, рейдерлікпен кедергі келтіретіндерді қатаң жазалау қажет...»

Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзі,
15 шілде 2019 ж.

Жүрсінов Р.М.

ҚР кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл

Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің блогы Сіздердің маған тікелей шығуға мүмкіндіктеріңіз болуы үшін құрылды және де ол біздің арамызда сындарлы сұхбаттастық орнауына ықпал етеді деп сенемін - ойларыңызды жазыңыздар, пікір бөлісіңіздер, ұсыныс жасаңыздар. Мен сіздердің барлық пікірлеріңізді міндетті түрде оқимын.

Серіктестер

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы
service.pravstat.kz
www.e-gov.kz
Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі