Жаңалықтар

23.02.2017

Жекешелендіру: сұрақ жауаптан көп

241

ҚР ҰКП Кәсіпкерлер құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңесінде  депутаттар квазимемлекеттік секторлары  компанияларымен бизнес арасындағы қарым-қатынас проблемаларын және жекешелендіру жайын сөз етті.

«Сатып алу саласына, соның ішінде, квазимемлекеттік секторларындағы сатып алулар бойынша көптеген өтініш-шағымдар түсіп жатады. Жекешелендіру ең басты мәселелердің бірі болып отыр. Елбасы халыққа жолдауында ЖІӨ-де нарықтағы мемлекет үлесі 15%-дан аспауы керектігін атап көрсеткен еді. Қазірдің өзінде Палатаға жекешелендіруге қатысты шағымдар түсіп жатыр,» - деді Мәжіліс депутаты Кеңес Әбсәтіров нақты дәлелдер келтіре отырып.

Жиілеп кеткен шағымдардың себебі түсінікті. Жекешелендіру бағдарламасы кәсіпкерлікке мемлекеттің араласуын азайту үшін шығарылғаны белгілі болатын. Осылайша, жекеменшік секторының үлесін ұлғайту арқылы экономиканы нығайтпақ еді. Елбасы жекеменшікке өтуі тиіс мемлекетке қатысты барлық компанияларға талдау жүргізіп, кәсіпорындардың нақты тізімін анықтауды тапсырған еді.

Ал бізде қалай болды? Алдымен нақты бір кәсіпорынды жекешелендіреді. Кәсіпкер компанияның 51 пайызын сатып алады, ал 49 пайызы квазимемлекеттік сектордың үлесінде қалады. Ары қарай дәл сол жалғанмемлекеттік сектор кәсіпкерді ығыстыра бастайды. Сонда алдымен нақты бір үлесін сатып, сосын тағы өздері кәсібін тартып алу мақсатында қысым жасайды. Ақыр соңында арзымайтын сомаға кәсіпорынды олардан сатып алады.  Алайда кәсіпкерлер бұл жайында ашық айтуға қорқады.

«Жекешелендірудің бірінші сатысы 2014 жылы өткізілген болатын. Сол жекешелендірілген компаниялар бар ма екен? Осы жайында анықтап білу қажет. Қанша компания қалды, қаншасы сатылды және кім сатып алды, - міне, осы мәселе жөнінде жекешелендірілген компанияларға сараптама жүргізу керек. Сонда ғана істің мән-жайын біле аламыз. Және бұл өте үлкен мәселе. Егер бұлай жалғаса беретін болса, кәсіпкерлік дамымайды», - деді Мәжіліс депутаты және Кеңес мүшесі Меруерт Қазбек.

Бұл мәселе тұрғысында ҚР кәсіпкерлерінің құқығын қорғау жөніндегі уәкіл Болат Палымбетов өз ойын қосты: «Бұл – квазимемлекеттік сектор активтерін бәсекелестік ортаға жекешелендіру үшін беруде бизнесті тартып алудың бір әдісі. Мұның тенденцияға айналып кетуіне жол бермеу керек. Мүмкін бірінен соң біріне сатылып кетпес үшін, бөліп-бөліп емес, түгелдей сату керек шығар, бәлкім сонда ғана мұндай жағдай туындамас?»

Жекешелендіру бағдарламасы Елбасының тапсырмасы аясында іске асырылуда. Егер бұл үрдісті қазірден бастап тоқтатпаса, Елбасының тапсырмасы да орындалмай қалуы ықтимал.

Квазимемлекеттік сектормен қарым-қатынас кәсіпкерлер тап болған нақты іс жүзіндегі істер бойынша қаралды. Активтерді жекешелендіру кезінде квазимемлекеттік секторлардың  қатысушыларды процеске қасақана қатыстырмауын болдырмауды қадағалап, мақсат міндеттерін атқаруға мүмкіндік тудыру қарастырылды.

«...Отандық бизнесті барынша қолдау керек. Ал оның дамуына негізсіз тексерулермен, ақша жинаумен, рейдерлікпен кедергі келтіретіндерді қатаң жазалау қажет...»

Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзі,
15 шілде 2019 ж.

Жүрсінов Р.М.

ҚР кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл

Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің блогы Сіздердің маған тікелей шығуға мүмкіндіктеріңіз болуы үшін құрылды және де ол біздің арамызда сындарлы сұхбаттастық орнауына ықпал етеді деп сенемін - ойларыңызды жазыңыздар, пікір бөлісіңіздер, ұсыныс жасаңыздар. Мен сіздердің барлық пікірлеріңізді міндетті түрде оқимын.

Серіктестер

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы
service.pravstat.kz
www.e-gov.kz
Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі