Жаңалықтар

06.02.2017

Жерсіз қалар еді

202

Солтүстік-Қазақстан облысы

Мәмлүт ауданында кәсіпкер байқаудан жеңіп шыққан соң берілуге тиіс болған жерді алу үшін бизнес-омбудсменге жүгінуге мәжбүр болды

Кәсіпкер Виктор Голованов тосын жағдайға тап болды. Өткен жылдың сәуір айында 10 жыл мерзімге жер телімін жалға беру бойынша ол байқауда 5 лотта жеңімпаз атанды. Мұны жергілікті газетте жарияланған байқау қорытындысы және «Жер  қатынастары бөлімі» ММ хабарламасы растайды. Аталмыш хабарламаға сәйкес шарттар жобаларына қол қойып, жер телімдеріне кадастрлық істер дайындау керек болатын. Виктор Голованов барлық талаптарды орындайды. 10 күндей күту керек болатын. «Ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін жер телімдерін жалға берген кезде байқаулар ұйымдастыру және жүргізу қағидасына» сәйкес, қорытындылар жарияланған сәттен бастап, жергілікті атқару органының жер телімін беру туралы шешім қабылдауына осынша уақыт берілген. Алайда Дубровин ауылдық округының әкімдігі жерді беруден бас тартады. Тағы бір түсінбестік - ауылдық округ басшысы байқау комиссиясының құрамында болған және оның нәтижелері жазылған хаттамаға қол қойған! Бұл жәйт бизнесменді тығырыққа тірейді. Бірақ мағынасыз әрекет жалғаса берді. Жергілікті билік шешіміне аталмыш жайылымда елді мекен тұғындарының малдары жайылады деген дәлел келтірді. Солай бола тұрса да, ол телімдердің ауылшаруашылық мақсаттағы жер есебінде байқауға ұсынылуына себеп болған не? Дегенмен, бұл сауалдың жауабы табылмаған күйі қалды.

Виктор Голованов құқығы мен мүддесін қорғауды сұрап, Кәсіпкерлер палатасының Мәмлүт ауданындағы филиалына, одан кейін Кәсіпкерлер құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Болат Палымбетовке жүгінді. Палата сарапшылары мен фермер әділдікті орнатуға 2,5 ай жұмсады. Бизнесмен осы уақыт ішінде жаз мезгілінде жер телімін малын жаюға пайдалану мүмкіндігінен айрылды. 2016 жылдың 17 тамызында ғана бәтуаға қол жеткізілді. Кәсіпкер бизнес-омбудсменге, өңірлік Кәсіпкерлер палатасы мен Мәмлүт ауданы филиалындағы сарапшыларға құқығы мен заңды мүддесін қорғау үшін жүргізген ауқымды жұмыс үшін алғыс айтты.

Дереккөз: http://palata.kz/ru/articles/25505

«...Отандық бизнесті барынша қолдау керек. Ал оның дамуына негізсіз тексерулермен, ақша жинаумен, рейдерлікпен кедергі келтіретіндерді қатаң жазалау қажет...»

Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзі,
15 шілде 2019 ж.

Жүрсінов Р.М.

ҚР кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл

Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің блогы Сіздердің маған тікелей шығуға мүмкіндіктеріңіз болуы үшін құрылды және де ол біздің арамызда сындарлы сұхбаттастық орнауына ықпал етеді деп сенемін - ойларыңызды жазыңыздар, пікір бөлісіңіздер, ұсыныс жасаңыздар. Мен сіздердің барлық пікірлеріңізді міндетті түрде оқимын.

Серіктестер

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы
service.pravstat.kz
www.e-gov.kz
Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі