Жаңалықтар

12.01.2017

Қорғалған қаржы – 4 млрд теңге

510

Бизнес-омбудсмен Шығыс Қазақстан облысындағы ірі сүт тағамдары комбинатының проблемасын шешті

Оқиға 140 млн теңгеден астам инвестиция құйылған «Өскемен қалалық сүт тағамдары комбинаты» ЖШС-на қатысты орын алған. Бұл АӨК (агроөнеркәсіптік кешен) субьектісі шығындардың бір бөлігін өтеуге берілетін субсидия алу үшін өтініш жазғанымен, онысы тым ұзақ уақыт қаралып, аталған мәселе бір жылға созылып кеткен.

Бұл ұсыныс 2016 жылы наурызда ҰКП-ға жолданды. Сосын ҚР Үкіметі деңгейінде қаралып, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінде мақұлданғаннан кейін, инвестициялық салымдар кезінде АӨК субьектісі шығындарының бір бөлігін өтеу жөніндегі субсидиялау ережесі жобасына енгізілген.

Сонымен қатар бірнеше мәрте облыстағы Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі кеңес талқылауына да берілген.

Мәселенің түйіні Шығыс Қазақстан облысындағы Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі өкілдер араласқаннан кейін ғана бизнесменнің пайдасына шешілді.

Осыған ұқсас жағдай «Бақбол» шаруа қожалығында да орын алған.

Мысалы «Жаңбырлатып және тамшылатып суару жүйелерін құру және кеңейту» инвестициялық жобасын жүзеге асыру аясында «Бақбол» ШҚ жалпы сомасы 10 млн теңге тұратын құрылғылар (2015 жылы шыққан суару кешені) сатып алған. Кәсіпкер субсидия (3 млн теңге (30 пайыз) мөлшерінде) алу үшін «Қазагромаркетинг» АҚ бағдарламасының операторына өтініш берген.

Құжаттар пакеті толық тексерілгеннен кейін, өтініш ШҚО Ауыл шаруашылығы басқармасындағы сараптамалық комиссияның  қарауына жіберілген. Алайда комиссия жобалық-сметалық құжаттаманың болмауына байланысты өтінішті мақұлдамаған. Мемлекеттік органның пікірінше, инвестициялық жобаның құнын дәл осы құжаттама анықтайды екен.

«Бұл тұста жобалық-сметалық құжаттаманың қатысы қанша? Кәсіпкер ісін кеңейтпеген, ол жай ғана құрылғылар сатып алған, – дейді наразы болған ШҚО Кәсіпкерлер палатасының директоры Игорь Шацкий. – Ережелерде, егер жоба тек жабдықты (техниканы) сатып алу немесе жөндеу үшін ғана жасалған жағдайда, инвестициялық субсидия көлемін анықтау тәртібі тайға таңба басқандай айқын регламенттеліп қойған. Бұл жағдайда жобалық-сметалық құжаттама жасау қажет болмайды. Сондықтан, аталған мәселе де кәсіпкер пайдасына шешілді».

2016 жылдың мамырында бизнес-омбудсмен Шығыс Қазақстан облысы кәсіпкерлерімен кездесу өткізді. Мұнда оның атына 20-дан аса өтініш келіп  түскен.

Өңірлік Кәсіпкерлер палатасының өтініштерге жасаған талдауы көрсеткендей, облыстағы кәсіпкерлер салықтық әкімшілендіру, субсидиялау, мемлекеттік сатып алулар, жер қатынастары, құрылыс, сәулет және қала құрылысы, рұқсат беру процедуралары және тағы басқа салаларда жүйелі проблемаларға тап болған.

ШҚО бизнес-қоғамдастығындағы проблемалар өте көп болып шықты. Игорь Шацкийдің айтуынша, тек бизнесті қорғау бойынша 2015 жылдың басынан бері өңірлік Кәсіпкерлер палатасына мыңнан астам өтініш келіп түскен. Оның жартысы оң шешіліп, кәсіпкерлердің шамамен төрт миллиардтай теңге қаржысы қорғалған.

Дереккөз: http://palata.kz/kk/news/25215

«...Отандық бизнесті барынша қолдау керек. Ал оның дамуына негізсіз тексерулермен, ақша жинаумен, рейдерлікпен кедергі келтіретіндерді қатаң жазалау қажет...»

Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзі,
15 шілде 2019 ж.

Жүрсінов Р.М.

ҚР кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл

Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің блогы Сіздердің маған тікелей шығуға мүмкіндіктеріңіз болуы үшін құрылды және де ол біздің арамызда сындарлы сұхбаттастық орнауына ықпал етеді деп сенемін - ойларыңызды жазыңыздар, пікір бөлісіңіздер, ұсыныс жасаңыздар. Мен сіздердің барлық пікірлеріңізді міндетті түрде оқимын.

Серіктестер

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы
service.pravstat.kz
www.e-gov.kz
Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі