Халықаралық жаңалықтар

12.10.2018

Египетте қазақстандық астық хабын салу жоспарлануда

667

Сурет abctv.kz сайтынан алынды

Қазақстандық бидайдың экспортын қалпына келтіру және кеңейту үшін Египет тарапы өз аумағында қазақстандық астық хабын салуды ұсынады. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінде өткен брифингте Қазақстанның Мысырдағы Елшісі Арман Исағалиев мәлім етті, деп хабарлайды Kazpravda.kz тілшісі.

«Египет Қазақстанды астық импорты тұрғысынан стратегиялық серіктес ретінде қарастырады, сондықтан біздің бидайымызды тек Египетте ғана емес, барлық Африка құрлығында, сондай – ақ Таяу Шығыс аймағында сату үшін Египетте астық терминалын салуды және қазақстандық астық хабын құруды ұсынады», - деді Арман Исағалиев.

Елшінің айтуынша, 100 млн-нан астам халқы бар Египет әлемдегі ірі астық импорттаушысы болып табылады және әр түрлі елдерден жылына 10-12 млн тонна астық тасымалдайды.

«Бұрын біз Египетке жылына миллион тонна астық экспорттаған болатынбыз, мұндай жеткізулер 2008-2010 жылдары орын алған еді. Содан кейін бұл елде саяси ауытқулар, төңкерістер болды және осыған байланысты қазақстандық бидай жеткізілімдері тоқтатылды. Бүгінде қазақстандық «Азық-түлік корпорациясы» Египетте тұрақты түрде өткізілетін астық жеткізу тендерлеріне қатысуға ниет білдірді», - деп, нақтылады Арман Исағалиев.

Ол сондай-ақ қазақстандық жеке компаниялармен қазақстандық астық, зығыр және майлы дақылдарды жеткізуге 10 млн доллар көлемінде бірқатар келісім-шарттар жасалғанын хабарлады.

 

Анастасия Прилепская

«...Отандық бизнесті барынша қолдау керек. Ал оның дамуына негізсіз тексерулермен, ақша жинаумен, рейдерлікпен кедергі келтіретіндерді қатаң жазалау қажет...»

Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзі,
15 шілде 2019 ж.

Жүрсінов Р.М.

ҚР кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл

Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің блогы Сіздердің маған тікелей шығуға мүмкіндіктеріңіз болуы үшін құрылды және де ол біздің арамызда сындарлы сұхбаттастық орнауына ықпал етеді деп сенемін - ойларыңызды жазыңыздар, пікір бөлісіңіздер, ұсыныс жасаңыздар. Мен сіздердің барлық пікірлеріңізді міндетті түрде оқимын.

Серіктестер

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы
service.pravstat.kz
www.e-gov.kz
Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі