Палымбетов Б.Ә.

19 ақпан 2016 ж. Мемлекет басшысының Өкімімен Болат Әбілқасымұлы Палымбетов Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл қызметіне тағайындалды.

ПАЛЫМБЕТОВ БОЛАТ ӘБІЛҚАСЫМҰЛЫ

Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл

1961 жылы 28 шілдеде Қызылорда облысында дүниеге келді.
Білімі жоғары, 1984 жылы инженер – жүйелер технигі мамандығы бойынша В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын, 1998 жылы Еуразиялық нарық институтын тәмамдады. Экономикалық ғылымдар кандидаты

Мемлекеттік органдарда, қаржы институттары мен ұлттық компанияларда жетекші қызметтердегі жұмыс тәжірибесі мол.
«Қазақстан Ұлттық банкі» ААҚ Басқарма төрағасының орынбасары, Атырау облысы әкімінің орынбасары, ҚР Экономика және сауда вице-министрі, «ҚазТрансОйл» ЖАҚ бас директоры, Маңғыстау облысының әкімі, ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі, «Каспий» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ Басқарма төрағасы, «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ Басқарушы директоры – Басқарма төрағасының орынбасары болып қызмет етті.

Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілі қызметіне тағайындалғанға дейін «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ Басқарма төрағасы болып жұмыс істеді.

«Құрмет» (2005), «За заслуги» 3-ші дәрежелі (Украина, 2004), Ұлы князь Даниил Московский 2-ші дәрежелі (РПШ, 2004) ордендерімен марапатталған.

Біздің стратегиялық мақсатымыздың бірі – елдің ішкі жалпы өніміндегі шағын және орта бизнестің үлесі 2050 жылға қарай кем дегенде 50% болуын қамтамасыз ету.

Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы, 2017 жылғы 31 қаңтар

Палымбетов Б.Ә.

ҚР кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл

Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің блогы Сіздердің маған тікелей шығуға мүмкіндіктеріңіз болуы үшін құрылды және де ол біздің арамызда сындарлы сұхбаттастық орнауына ықпал етеді деп сенемін - ойларыңызды жазыңыздар, пікір бөлісіңіздер, ұсыныс жасаңыздар. Мен сіздердің барлық пікірлеріңізді міндетті түрде оқимын.

Серіктестер

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы
service.pravstat.kz
www.e-gov.kz
Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі